Instagram енді Windows Phone құрылғысында пайда болмақ

Instagram енді Windows Phone құрылғысында пайда болмақ

Соңғы кезде қолданушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болған Instagram фотоқызмет қосымшасы алдағы аптада Windows Phone құрылғыларының (олардың ішіндегі ең алпауыты Nokia екендігін айта кетейік) иелері үшін пайдалануға берілмек. Осы күнге дейін компанияда жаңа тұғырнамаға деген қызығушылық мүлдем болмай келген еді.

Phone басшысы Кевин Систром бұл жаңалықты көпшілікке Абу-Дабидегі Nokia конференциясында жария етті. Систром бұл қосымшаның іске қосылатын нақты уақытын жарияламаса да, оның алдағы бірнеше аптада болатынына уәде берген еді.

Ал Microsoft танымал қосымшаның өз тұғырнамасында (платформа) болуына біраздан бері мүдделілік танытып келді. Қолданушылар болса, «Windows Phone телефондарында Instagram қосымшасының болмауы оның сатылымына да кері әсерін тигізеді» деген болжам айтқан болатын. Дегенмен бұл операциондық жүйеде танымал қызметтің 6tag сияқты бірнеше баламасы бар.

Айта кетсек, бастапқыда Instagram тек қана iOS-құрылғылары үшін жүктелді. Кейін құрастырушы мамандар оның Android және веб-нұсқаларын жасап шығарды.

«Біздің мақсатымыз Instagram-ды оны пайдаланғысы келетін барлық қолданушыларға жеткізу»,-дейді Систром.

Instagram-нан бөлек, Windows Phone операциондық жүйесінде Vine және Flipboard қосымшалары да пайда болмақ. Осыған қарап, біз құрастырушылар жаңа операциондық жүйеге басқаша көзқараспен қарай бастағанын аңғара аламыз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: digitaltrends.com




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN