Android платформасының осал тұсы табылды

Android платформасының осал тұсы табылды

Bluebox Security корпорациясының зерттеушілері Android операциялық жүйесінің мобильді нұсқасында Fake ID болатын осал тұсы табылғанын хабарлады. Аталған осал тұсының көмегімен кез-келген компьютер маманы Android платформасының тұтынушыларының жеке ақпараттарын ала алатын болады. Нақтылап өтетін болсақ, фото, байланыс нөмірлері мен несие карталарының нөмірлері. Қара ниетті  хакерлер (бағдарламашылар) өтірік аккаунт арқылы өзіне қажетті ақпаратты қолданушының кез-келген бағдарламасына кіріп, алуға қол жеткізеді екен.

Bluebox компаниясының техникалық директоры өзінің хабарлауында салыстырмалы мысалдар келтірді. Ол Fake ID тұтынушыларын Google Wallet немесе Adobe Flash қосымшаларында белсенділік танытып жатқанын айтады.

Осыған дейін Google қайта реттеп үлгерген қосымшаларынан өзге біреулеріне аталған ділгірлік қатысты болып отыр. Сондықтан әрбір қосымшаны смартфоныңызға қондырудан бұрын, оның Google компаниясы арқылы куәландырылғандығына көз жеткізуді ұмытпаңыз.

PC World ақпарат желісінің хабарлауынша, бұл платформалардың жалпы қолданысқа енгенінен бері болған ең үлкен проблема болыпты.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: fans-android.com

Ж. Өрісбай