iPhone 6s химиялық тәжірибеден өтті (видео)

iPhone 6s химиялық тәжірибеден өтті (видео)
Фото: скриншот

Ғаламторда өзіндік танымалдыққа ие V-логерлер (видеоблогерлер) әртүрлі тәжірибе арқылы интернет қолданушыларының назарын аударуға тырысып келеді. Бұл салада TechRax блогері барлығынан асып түсетіні белгілі. Ол жаңадан шыққан гаджеттерді ақылға қонымсыз тәжірибелер арқылы сынап, өнімді қайта қолдануға келмейтін жағдайға жеткізеді. Ал кезекті сынақта блогер бағасы 1 000 АҚШ долларынан кем емес iPhone 6s смартфонының төзімділігін химиялық тәжірибеде сынап көрді.

Apple смартфондарының корпусы алюминийден жасалатыны белгілі. Блогер химия ғылымында бром галогені алюминий элементін ерітіп жіберетін негізгі қоспа екенін білген соң, оны тәжірибе жүзінде тексеріп көруді жөн деп білген. Нәтижесінде сынақ барысын баяндайтын видеодан экзотермиялық реакцияны көреміз.

TechRax блогері бұл химиялық тәжірибені жүзеге асыру үшін екі iPhone смартфонын қолданғанын да айтып өтті. Сонымен қатар, ол осыған дейін сынақта қолданылған аппараттардың барлығы түпнұсқа өнімдер екенін ресми ақпаратты көрсету арқылы дәлелдеді. Ол осылай қоғамда айтыла бастаған жаңсақ пікірлерді жоққа шығарып отыр.

Ж. Өрісбай