iPhone 6s лава температурасына төзе ала ма?

iPhone 6s лава температурасына төзе ала ма?
Фото: www.youtube.com

Америкалық видеоблогер кезекті ақылға қонымсыз тәжірибесін жариялады. Ол жақында сатылымға шыққан iPhone 6s смартфонының төзімділігін жанартаудан атқылатаған лаваның температурасында сынап көрді.

Қомақты қолдауы бар TechRax блогері белсенді жанартаудың аузына барып, смартфонды сынап көрген. Блогта нақты қай жанартау екені айтылмайды. Ал лаваға лақтырылған Apple гаджеті бірнеше секундта жанып кетеді. Әрине, америкалық компания ең төзімді аппараттар шығарғанымен, ешбір iPhone смартфоны лаваға төзімді етіп жасалмаған.

Америкалық блогердің «iPhone 6S смартфоныңды ыстық лаваға тастама!» (Don't Drop Your iPhone 6S in Hot Lava!) атты лозунгпен шыққан жаңа видеоблог небары бір аптада 1,5 миллионнан астам рет көрілген. Оның бұл тәжірибесі туралы бүкіл әлем жазып жатыр. Сонымен, видеоны тамашалаңыздар.

Айта кетсек, TechRax блогері осыған дейін де көптеген техникалық аппараттар мен гаджеттерді сынақтан өткізген. Тәжірибелердің көбінде жаңа өнімдер сынаққа төзе алмайды. Мысалы, блогер өзінің видеоларында жаңа iPhone смартфонын электрлі арамен аларап, кола сусынына қайнатады. Тағы бір блогында 28 Apple смартфонын балғамен соғып сындырады. 

TechRax блогерінің жақында жарияланған өзге де видеоларының бірінде жаңа iPhone-ның қайнаған суға төзе алатынын көреміз. Блогер iPhone 6s смартфонын үш рет ыстық суда қайнатып, сосын тоңазытқышта суытады. Видеоблогтың соңында Apple өнімінің еш зақымданбағанын көреміз. Өткен жылы iPhone 6 смартфоны да бұл тәжірибеден өткен. Ол кезде жаңа гаджет 10-15 секундта өшіп, кейін қайта қосылады. Дегенмен екінші рет суда қайнаған кезде мүлде істен шығады.

Сосын смартфон дисплейін өткір пышақ және 1,2 келі балғаның көмегімен тәжірибеден өткізеді. Смартфон камерасын ескермесек, аппараттың экран дисплейі әлдеқайда төзімді екеніне куә боламыз.

Ж. Өрісбай