Блогер 28 iPhone-ды сындырды

Блогер 28 iPhone-ды сындырды
Фото: arstechnica.com

YouTube видеохостингінде небәрі екі күнде жарты миллион көрілімді қалай жинауға болады? TechRax видеоблогері мұның құпиясын біледі. Ол үш минутта 28 Apple смартфонының күлін көкке ұшырып жіберді.

Торрес есімді блогер осыған дейін де танымал болған. Ол әдетте жаңа шыққан гаджетті сатып алып, онымен әртүрлі сынақтар жүргізеді. Мысалы, осыдан 3 ай бұрын алтыннан жасалған Apple Watch ($10 000) смарт-сағатын магнит арасына салып жіберген видеосы жарияланды. Сонымен қатар, iPhone 6 моделін газды кола сусынына салып, қайнатып жібереді.

Ал бүгінгі видеоблогта Торрес iPhone смартфондарының ескі модельдерін (iPhone 4 пен iPhone 4s) жинап алып, балғамен соққылайды. Расында видеоның ешқандай мағыналық негізі жоқ. 

Блогердің ақылға қонымсыз өзге де видеоблогтары:

Ж. Өрісбай