Terapio – дәрігердің «ақылды» көмекшісі

Terapio – дәрігердің «ақылды» көмекшісі
Фото: www.cnet.com

Жапондар роботтарды түрлі түске бөлегенді жақсы көреді. Terapio роботы да бұл үрдістен кенде қалмапты. Дәрігер қызметіне бейімделген роботты Тойохаши Технология Университетінің инженерлері құрастырған.

Күн шығыс елінің Terapio аппараты барлық медициналық жабдықты өзінде қамтитын әмбебап құрылғы ретінде құрастырылған. Айта кетсек, Terapio тәуелсіз қозғалып, дәрігердің назарынан шет қалмайды.

Одан бөлек, Terapio науқастардың жағдайына қатысты мәліметтің барлығына ие болады. Белгілі бір ақпарат дәрігерге қажет болған кезде өзінің сенсорлы дисплейінде көрсетеді. Ал роботтың бағдарламалық қамтуы мен қуаттау құрылғысы арнайы құрастырушылар орнатқан станцияда болмақ.

Көптеген дәрігердің қызығушылығын оятқан өнімнің ресми таныстырымы әзірге белгісіз болып отыр. Сондай-ақ, оның нарықтық қоғамдағы бағасы туралы да еш ақпарат берілмеді. 

Ж. Өрісбай