Cubi – балаларға арналған гаджет

Cubi – балаларға арналған гаджет

Электроника өндірушілері өзінің өнімін барлық жасқа икемді, әмбебап етіп шығаруға тырысады. Дегенмен әрбір гаджеттің белгілі бір жастағы қолданушысы болмаса, оның мүмкіндігі де азаяды. Мысалы, үлкен жастыларға бағытталған гаджеттер балаларға ұнамауы мүмкін.

BeLuvv компаниясы осы сынды проблеманы шешу мақсатында, Cubi атауына ие жаңа девайс шығарды. Бұл - кішкентай балаларға арналып жасалған коммуникатор. Cubi аппараты баланың тілі шыққанға дейін ата-анасымен сөйлесуіне мүмкіндік жаратады.

Аталған құрылғы ата-ана үшін де өте пайдалы. Айта кетсек, бұл аппарат ана мен баланың арасындағы байланыс құралы ретінде де қолданылады. Одан бөлек, Cubi құрылымына енгізілген GPS тетігі баланың қайда екенін анықтап береді.

Құрылғының төтенше жағдайда жылдам хабар беретін функциясы да бар. Бір ғана батырманың басылуымен ата-ана балаға көмек керек екенін біле алады. Ал дыбысты хабарлама тек өзіндік аппаратқа ғана емес, оған біріктірілген смартфондарға да барады. Ең бастысы аппарат көзден тасада қалмайды. Оны жоғалтып алу мүмкін емес.

Әзірге өнімнің жаппай сатылымға шығу уақыты белгісіз. Дегенмен kickstarter.com сайты арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады. Бағасы – 99 АҚШ доллары.

Сурет: www.kickstarter.com

Оқи отырыңыз:

CES 2015. Балаларға арналған ең үлкен планшет таныстырылды

HTC компаниясы MWC көрмесінде қандай өнімін таныстырады?

Жапония жасөспірімдері видео ойындардан арылғысы келеді

Селфи жасауға бірер кеңес

Ж. Өрісбай