CES 2015. Балаларға арналған ең үлкен планшет таныстырылды

CES 2015. Балаларға арналған ең үлкен планшет таныстырылды

Fuhu компаниясы бұл жылы тұтыну электроникасын жасаумен айналысуды ұйғарыпты. АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан өндіріс орны CES халықаралық көрмесінде балаларға арналған 65-дюймді планшетін таныстырды.

Fuhu өнімін белгілі бір категорияға жатқызуға келмейді. Nabi Big Tab XL атауына ие алып гаджет планшет концептінде болғанымен, сырт көрінісіне қарай көбіне теледидарға ұқсайды.

Ал 65-дюймді көлемді гаджетті жөн көрмейтін тұтынушыларға компания 32, 43 және 55-дюймді модельдерін ұсынады. Бірақ Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан көрмеде тек 65 және 55-дюймді нұсқалары ғана таныстыруға қойылды.

Планшет экранының мүмкіндігі оның моделіне қарап ажыратылады. Ресми ақпаратқа орай, ең үлкен нұсқалары UHD (4K) сапада, ал кіші нұсқалары 1080p мүмкіндігіне ие көрінеді. Процессордың қуаттылығы да сәйкесінше әркелкі. Кіші модельдер 2,3 Ггц жиілікке ие 4-ядролы Nvidia Tegra K1 процессорымен жұмыс істесе, үлкен модельдері Nvidia Tegra X1 процессорымен қамданған. Ал жедел жадысы 2 және 4 Гбайтты болып келеді. Сондай-ақ, Android жедел жүйесіндегі қосымшалар балалар мен ата-аналарға қатысты жеке-жеке болып интерфейсте бөлінген.

Fuhu компаниясы өткен жылы өткізілген CES көрмесінде 24-дюймді Big Tab планшетін таныстырып еді. Ал осы жылғы модельдің бұрынғысынан айырмашылығы оның теледидар орнына қолданылу мүмкіндігі болып отыр. Нақтырақ айтсақ, планшетке HDMI-ажырату білтесі арқылы кез келген гаджетті қосып, үлкен экранды пайдалануға болады.

Big Tab XL құны 4 000 АҚШ долларына бағаланып отыр. Ал 55-дюймді модельдер $2 499 сомамен сату жоспарланған. 

Сурет: 1k.by

Ж. Өрісбай