HTC компаниясы MWC көрмесінде қандай өнімін таныстырады?

HTC компаниясы MWC көрмесінде қандай өнімін таныстырады?

Электроника өндірушілері жуырда Испанияның Барселона қаласында өтетін MWC 2015 халықаралық көрмесіне қызу дайындық үстінде. Айта кетсек, Mobile World Congress ресми ашылуына бірнеше апта ғана қалды.

Компания инсайдерлерінің берген ақпаратына сүйенсек, HTC аталған іс-шарада өзінің жаңа смартфонын таныстырмақ. Desire A55 атауын иемденген гаджет 5,5-дюймді экранмен жабдықталған. Ал 2 ГГц жиілікке ие 8-ядролы MT6795 процессорын Қытайдың белгілі MediaTek компаниясы дайындауда.

Одан бөлек, жедел жадысы – 3 ГБ, ал қосалқы жадысы – 32 ГБ. Ал алдыңғы камерасы 13 МП (UltraPixel) сапаға ие болса, смартфонның негізгі камерасы 20 МП мүмкіндікпен қамданған. Әзірге жаңа өнімнің техникалық мінездемесіне қатысты өзге де ақпараттар белгісіз болып отыр. Енді тек ресми анонсын күту ғана қалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын 3GSM World Congress атауымен белгілі болған халықаралық электроника көрмесі наурыз айының 2-сі мен 5-і аралығында Испанияның Барселона қаласында өтеді.

Сурет: www.newsfiber.com

Оқи отырыңыз:

Manta 7X – батырмасы жоқ смартфон

Болашақта адамдар қолмен жазуды ұмытуы мүмкін

HTC жаңа смартфоны қандай болмақ?

Болашақта интернет браузерлері қай бағытта өзгереді?

Ж. Өрісбай