Текшедегі миниатюралық камера

Лас-Вегаста болып өткен CES көрмесінде Polaroid компаниясы (Феникс негізінде құрылған) қатаң ауа-райы кезінде түсіруге арналған С3 спорттық камерасын таныстырды.

Сыртқы жағы бойынша текше болыпкелетін оның әр бұрышы 35 мм-ге тең. Оның бір қырында үлкен бұрышты камера орналасқан. Ол айналаны 120 градус мүмкіндікпен түсіре алады, ал оның өзі болса кеңбұрышты түсірімдер кезінде нағыз таптырмайтын гаджет болып отыр. Алайда онда спорттық камераларда міндетті түрде болатын бекіткіштер мүлдем жоқ. Сондықтан да оның мысалы, велосипед айдайтын адамның басындағы шлеміне немесе ұшақ қанатына қалай бекітілетіні түсініксіз. Дегенмен компания өкілдері оған жақын арада қажет барлық аксессуарлар мен бекіткішті жасап шығаруға уәде беріп отыр.    

Камера ылғадан қорғаныс жүйесімен жабдықталғандықтан, су астына екі метрге дейін түсе алады. Ал ондағы файлдар (суреттер мен видеолар) Wi-Fi немесе Bluetooth сымсыз технологиясы арқылы базаға жіберіледі. Ал ондағы жад қызметін арнайы орынға жайғастырылып, аузы бекітілген micro-SD картасы атқарады. Әзірге оның болашақта нақты қай салаларда қолданылатыны түсініксіз.

Сондай-ақ Polaroid C3 әзірге тек прототип түрінде ғана ұсынылып отыр. Алайда оның өндіріске қосылу уақыты алыс емес дейді компания өкілдері. Құрылғы резинадан жасалған корпусқа ие болғандықтан, салмағы жағынан жеңіл келеді. Болашақта гаджет корпусы үш түрлі түсте (қызыл, көк және қара) сатылымға шықпақ.  

Камераның жоғары жағында үлкен батырма орналасқан, оны басқан кезде камера видеоны жаза бастайды немесе айналаны суретке түсіреді. C3 сенсорының мүмкіндігі 5 мегапиксельді құрайды. Видео 1 280 x 720 или 640 x 480 форматында жазылады. Polaroid компаниясы хабарлағандай, мұндай гаджеттің бағасы аса қымбат болмақ емес – 99 $.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: theverge.com