Телефон "оригинал" екенін анықтау жолы

Телефон "оригинал" екенін анықтау жолы
Фото: www.gulesider.no

Егер телефоныңыз түпнұсқалық үлгіде екенін білгіңіз келсе, аппараттың сериялық нөмірін (IMEI) мына жерге енгізіңіз: http://numberingplans.com/?page=analysis&sub=imeinr

Сериялық нөмірді (15 саннан тұрады) сатушыдан сұрауға болады немесе аппараттың сыртқы қорабынан оқи аласыз. Тағы бір жолы: телефон клавиатурасынан *#06# стандарт комбинациясын теру арқылы экранға шығарылған сандарды сайттағы көрсетілген формада енгізесіз. Егер телефон түпнұсқалық үлгіде болса («оригинал»), сайт сізге аппарат жайлы жеткілікті түрде анықтама береді. Қашан, қайда, қай елге арналып шығарылғандығы және одан басқа да техникалық параметрлерімен қоса жан-жақты толық мәліметтер шығарады. Ал егер де сайт бұл аппаратқа қатысты ешқандай ақпарат бере алмаса, онда телефон "оригинал" емес. Бір ескертетініміз, қызметтің бұл түрі барлық үлгідегі телефондарға жарамды.

Дереккөз: baq.kz 

Н. Үсенова