Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Түкпір-түкпірді тілдестірген телефон тарихы

Түкпір-түкпірді тілдестірген телефон тарихы

Түкпір-түкпірді тілдестірген телефон тарихы

 Осы заманда телефонсыз бір күнді елестету мүмкін емес. Телефон алыстағы адамдардың бір-бірімен сөйлесуі үшін шығарылды. Осы  бір бұрынғылар үшін ғажайып, ал қазіргілер үшін күнделікті қолданыстағы қарапайым құрылғыны кім ойлап тапты екен? Осы сұрақтың жауабы - біздің бүгінгі әңгімемізде.

 968 жылы бір қытайлық өнертапқыштың дыбыстарды құбырлар арқылы тасымалдайтын thumtsein  атты құрылғыны жасап шығарғаны жайлы мағлұмат бар. Көне заманда пайда болған "баулы телефон" деп аталатын құрылғының жұмыс істеу принципі мынандай болды: екі диафрагма арасын жіппен керіп, кішкентай арақашықтықта сөйлесу. Бұл жағдайда дыбыс бір жақтан екінші жаққа жіп вибрациясының көмегімен таралатын. Бірақ жоғарыда айтылған құрылғы қарадүрсін болғандықтан, кең қолданыс таппаған.

 Дыбыстарды электр тоғы арқылы тасымалдайтын телефондардың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Алғаш рет телефон сөзін Шарль Бурсель қолданған болатын, ол 1854 жылы телефонның жұмыс істеу принципін айқындайтын диссертация жазғанынымен, іс жүзінде бұл жұмысты ұйымдастыра алмады. 1861 жылы неміс физигі Иоганн Филипп Рейс музыкалық тондарды (дауыс емес) алысқа тасымалдайтын құрылғыны ойлап тапқан. Бұл құрылғыға Telephon деген ат берген. Дүниежүзінде алғаш рет толыққанды телефон жасап шығарған өнертапқыш - Александр Белл. Ол телеграфтық тізбектерді сығу проблемасын шешу байқауына қатысып, телефония эффектісін ашқан болатын. Белл 1876 жылдың 14 ақпанында патент беру бюросына келіп, құрылғыны заңдастыруды сұраған. Сол күні Чикагодағы патент беру бюросына тура сондай арызбен Э. Грей келген болатын. Бірақ екі сағатқа кешіккендіктен, телефонды ойлап тапқан Белл болып танылды.

             

        Александр Белл                    

    

      Белл телефонының түпнұсқасы

Александр Беллдың телефоны көптеген ақаулықтарға толы болды. Сигналдардың таратылуы мен қабылдауы телефон тұтқасы арқылы жүзеге асып, тарату-қабылдау операциялары кезек -кезек орындалатын, телефонның қоңырауы болған жоқ. Байланыс линиясы қысқа болғанымен, Беллдың ойлап тапқан құрылғысы телефон мен телефонияның дамуына үлкен үлес қосқан. Кейін келе, қөптеген  өнертапқыштар бірінші телефонды дамытып, үйге арналған үлгілерді жасауды армандады. Телефон байланысының дамуына Томас Эдисонның 1877-1878 жылы ойлап тапқан көмір микрофоны айтарлықтай үлес қосқан. Оның құрылғысы 1980 жылға дейін қолданылып келген, кейбір жерлерде қазір де қолданылуда.

Қала ішіндегі сөйлесулерді ұйымдастыру үшін телефон станциялары қажет еді. Алғашқы телефон станциясы 1878 жылы Нью-Хейвен қаласында (АҚШ) салынған. Келесі телефон станциясы Парижде салынған, ал 1881 жылы Мәскеу, Петербург, Одесса, Берлин, Рига, Варшава қалаларындағы телефон станциялардың құрылыстары бітті. Осы телефондық станциялардың арқасында сымды телефон құрылғылары бір-бірімен байланысып, өзінің негізгі функцияларын атқара алды: адам сөзін үлкен арақашықтыққа тасымалдау.  Алғашқы телефондық станциялар механикалық тәртіпте жұмыс істейтін: екі телефонды байланыстыру үшін станциядағы телефонист маманы байланыстыруды ұйымдастырып отыратын. Бірақ 1879 жылы үш американдық өнертапқыш М.Д. Кеннеди, Т. Э. Кеннеди және Т. И. Мак-Тай нөмір теру арқылы телефондарды байланыстыратын автоматты коммутатор ойлап тапқан. Сол кезден бастап, нөмірлі телефондардың дамуы үлкен қарқын алып, жер- жерде телефон станциялы бой көтереді. Телефонның дамуына орыс ғалымдары да өз үлестерін қосқан. 1878 жылы орыс инжинер-электротехнигі П.М. Голубицкий телефондардың құрылысынына конденсатор орналастырып қана қоймай, тұрақты магниттердің негізінде жұмыс істейтін алғашқы «орыс» телефонын құрастырған. Кейін келе 1885 жылы Голубицкий микрофондардың орталықтандырылған қоректену жүйесін құрастырып, микрофондағы  ақаулықтардың пайда болу жолдарын жойған.

XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басында телефон жүйесінің дамуы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қалааралық байланыс линиялары мен қалалық телефон станцияларының құрылысы кең етек алған. Арақашықтығы жағынан ең үлкендердің қатарына: Москва-Петербург 660 км, Париж-Лондон 498 км, Париж-Брюссель 320 км.жатады.

1910 жылдың басында дүниежүзіндегі 10000-нан астам телефон станциялары 10 миллион телефонға қызмет етті. Бүгінгі таңда телефон байланысының дамуы шарықтау шегіне жеткен секілді. Әлемдегі әр жанұяда бір сымды, бірнеше сымсыз ұялы телефон бар. Телефондар түкпір-түкпірді байланыстырып, адамдардың өзара хабар алысуына мүмкіндік береді. Ал 150 жыл бұрын телефон байланысы энтузиастар мен өнертапқыштардың арманы еді.

Сурет Ғаламтордан алынды

4656 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
31 желтоқсан 2011, 20:49

Телефон атты кісінің тірлігін істейді. Ол болмаса, күніміз қандай болар еді?! ))

+0
02 қаңтар 2012, 14:15

эх, телефонның пайда болуы қызық ақ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...