- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Марсқа кеткен Tesla...
Марсқа кеткен Tesla көлігі ресми тіркелді
ХХІ ғасыр аяқ басқалы адамзат тарихында жүздеген жаңалықтар ашылып, жаңа технология дамыды. Осының арқасында әлемді түрлі апаттан сақтау, ғарышты зерттеу мәселелері шешімін тауып отыр. Халықаралық Ғарыш станциясы, NASA сынды үлкен бірлестіктер жасап отырған еңбекті өз күшімен іске асырған Илон Масктың өткен аптадағы жеңісі есіңізде ме?
Tesla электронды көлігімен әлемге танымал болған Илон Масктың ауыр зат тасымалдауға арналған Falcon Heavy зымыраны көкке сәтті көтерілді. Зымыран бортында И.Масктың Tesla Roadster маркалы қызыл түстегі көлігі болды. Көлік рөлінде Starman есімді манекен отырғанын да еске сала кетейік. Тұңғыш жерден ғарышқа одан ары Марсқа бет алып бара жатқан көлікті NASA ғарыш айлағы ресми түрде ғарыштық нысан ретінде тіркеді.
Илон Масктың жер бетінде сұранысқа ие болған көлігі тек ғасыр талабын ғана орындап қойған жоқ, ғарышқа бет алған, адамзат тарихындағы ең алғашқы көлік ретінде ресми тіркеліп отыр.
Ғарыштық нысан ретіне көрсетілген Tesla көлігі туралы ресми тіркеу парағы:
Илон Маск әлемдегі тұңғыш ауыр зат тасымалдаушы зымыранды құрастырушы, Tesla көлігінің иесі ретінде ғана емес №1 маркетолог немесе PR-менеджер жұмысын атқарып отыр. Бұлай деуге бастып себеп оның бұл қадамға баруының өзі, ғаршықа Tesla көлігін ұшыруы – әлемдік теңдессіз жарнама болып қала береді.
М. Ақан