Әлемдегі тұңғыш 3D үй басылып шығарылды

Әлемдегі тұңғыш 3D үй басылып шығарылды
Фото: hi-news.ru

Американың WATG Urban компаниясы жер бетіндегі тұңғыш 3D үйді басып шығарды және алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай, бірақ арзан бағадағы жабдықтармен үйді еркін формада салуды ойлап отыр. Инновациялық технологияны қолдану арқылы мамандар құрастырушылардың ойлауындағы архитектуралық үйлерді салуға да мүмкіндік алып отыр.

Үшөлшемді басып шығарылатын стартап үй құрылыс материалдарын үнемдеу жағынан ұтып тұр. Мәселен қабырға, цемент, пластик және гипс сынды құрылыс өнімдерін басып шығарып, олардың тығыздығын есептеп үйді қалаған формаңызда жасап шыға аласыз. Бұл үйлер сіз ойлағандай үлгі үшін не қызық үшін салынатын емес, кәдімгі тұрғын үй.

Дамыған технологияның арқасында гипсті пенопласт үйдің өртеніп кетуінен сақтайтын күшке де ие болған.

М. Ақан