Жолдауда айтылған төртінші өнеркәсіптік революция деген не?

Жолдауда айтылған төртінші өнеркәсіптік революция деген не?
Фото: pc-tablet.co.in

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтарда халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсегеке қабілеттік» Жолдауында айтылатын «төртінші өнеркәсіптік революция» деген не? 

Киберфизикалық жүйенің  өндіріске, адам қолымен басқарылатын тұрмыстық қажеттіліктер мен жұмысқа енуі бұл біз айтып отырған төртінші өнеркәсіптік революция. Өмір сүру қағидасының бұзылуы: сауда нарығы, күн көріс ортасы, саяси жүйелер, жеке адамның тұлғалық қасиеті.

Төртінші жаһанды өнеркәсіптік революция қазіргі жұмыс күшін арттырып отырған адамдар үшін қауіпті. Ол ел экономикасына әсер етіп қана қоймай, жаппай жұмыссыздыққа алып келеді.

Осы жөнінде Елбасы былай дейді: «Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік».

Ал аталған революцияның қауіпті деп отырған сандық ағымы мыналар:

Интернет кеңістігі

Жасанды әлем. Жасанды кеңістік.

3D-принтер құрылғылары.

Кванттық физиканың даму саласы

Құлтемірлердің адам еңбегін тартып алу қауіпі

М. Ақан