2020 жылы 5 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

2020 жылы 5 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Фото: lattelecom.lv

Әлем бір орында тұрмайды. Себебі қоғамды жасаушы адамдар әрқашан жаңалық ашуға дайын. Міне, сонымен де олардың білімі өлшенеді. Ғылымдағы еңбектері бағаланады. Ал адамдардың қазіргі ұмтылып жатқан жаңалықтары – технология. Бұл технологияны адам ойлап тапқанымен, кей кезде ол адамның өзін де алмастыруы мүмкін. Олар тамақты, жалақыны талап етпейді. Ұйқыны да. Сондықтан да адамға қарағанда жұмыс күші артық болады. Ал бұл адамдардың жұмысына қалай әсер етуі мүмкін?

2020 жылға қарай жер бетіндегі 5 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл турасында Бүкіләлемдік Экономикалық форумда айтылды. Олардың айтуынша, жасанды сана, роботехнология және биотехнология адамдардың арасындағы ауыр жұмыс күшін жеңілдетіп қана қоймайды, олар жұмысты тез әрі сапалы істеуі мүмкін.

Жұмыссыз қалуы мүмкін екі бағыт бар. Олар: әкімшіліктегі кадрлар мен кеңсе қызметкерлері. Болашақта оқуға енді барған оқушылардың 70 пайызы қазір жоқ, бірақ болашақта болатын жаңа жұмыс орындарында жұмыс істеуі ғажап емес.

Түйін: құлтемірлердің дәуірі басталды. Енді даму үстінде. Бәлкім шынымен де адамның жұмыс күшін тартып алуы мүмкін. Бұл жұмыс берушілер үшін жеңіл әрі арзанға түсетін ұғым болғанымен, руханиятқа шөлдеу, мейірім, жұмысқа деген махаббат, сезіну, одан қала берді жауапкершілік жоғалуы мүмкін. Себебі құлтемірлер жауапкершілікті сезінбейді, тек орындайды. Сондықтан ең жоғары деңгейге жетіп, білікті маман болу керек, жас дос! 

М. Ақан