Жел сыр айтады

Жел сыр айтады
Фото: elims.org.ua

Бүгін, 15 маусым – жаһандық жел күні. Жел бізге былайша сыр айтады:

Мен – желмін. Мен – тәуелсізбін.

Мен –желмін. Ызғарым қатты болса да, бүкіл адамзат тымырсық ауадан қашып менің бір екіпінімді сезінсем дейді.

Мен – желмін. Ескен самалым кең далаға гүлдердің аңқыған жұпарын сезініп, рахаттануына мүмкіндік береді.

Мен – желмін. Менімен жарыса жүгірген балалардың күлкісі «бақыттың» бар екендігін дәлелдейді.

Мен – желмін. Менің соққан екпінім қауіп-қатердің келе жатқандығын айқындайды.

Мен – желмін. Толқын секілді алып дүниені тудырушы да мен.

Мен – желмін. Ести білгенге шырқайтын әнімнің айтары мол. Мен даланы жырлаймын, таудың сырын айтамын.

Мен – желмін. Әлсіздерді дөңгелете ұшыра жөнелемін, күштілерді сынаймын.

Мен – желмін. Тұрбадан шыққан түтінді аспанға апарып, сіз сүйсінетін бұлт етемін.

Мен – түссізбін, иіссізбін, мөлдірмін. Бірақ  мен – әлемнің бөлшегімін.

Бүгін менің күнім...

Т. Есқали