"Реал" жаңа маусымға арналған спорттық жейделерін таныстырды

"Реал" жаңа маусымға арналған спорттық жейделерін таныстырды
Фото: sports.ru

Мадридтің "Реал" футбол клубы алда келе жатқан жаңа маусымда қандай спорттық жейдемен жасыл алаңға шығатыны белгілі болды. Команда бүгін өз алаңында және сырт алаңда өткізетін ойындарда киетін спорттық киім үлгілерін таныстырды.

"Корольдік клуб" өз алаңында ақ түсті ашық көк жолағы бар спорттық жейдемен алаңға шығады. Ал қонақта өткізетін ойындарда қара жейдеде ашық көк түсті жолағы бар киіммен ойнайды. Ал тамыз айында Чемпиондар лигасында киетін спорттық жейдесін таныстыратын болады.

Айта кетейік, биыл "Реал" Испания чемпионатын жеңіп қана қоймай, Чемпиондар лигасын екі жыл қатарынан ұтқан алғашқы команда атанған еді.

О. Сансызбай