- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әлемді өзгерткен және...
Әлемді өзгерткен және өзгертетін 10 технология (аудио-подкаст)
Көшеде кез келген адамнан қазіргі технологияның жағдайын сұрап көріңіз, «Қарқынды дамып жатыр» деп жауап береді. Бірақ ненің дамып, ненің әлі де даму үстінде екенін нақты айта алмайды. Ал сол біз бен сіз білмейтін технологиялар әлемді өзгертіп үлгерді. Адамзат баласын өзгерткен және енді өзгертетін он технологиямен таныс болыңыз.
Сал дертін емдеу
Ғалымдар соңы сал болуға апаратын дерттің емін тапты. Ұзақ жылдар бойына жүргізген зерттеуден кейін, олар миды қайта қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.
Жүргізушісіз жүк көліктер
Әлемдегі көлік қатынасын жиі пайдаланушы елдер арасында АҚШ алдыңғы орында тұр. Осыны ескеріп ағылшын ғалымдары болашақта жүргізушісіз жүк көліктерін басқаратын бағдарлама ойластыру үстінде. Қазірдің өзінде үлгі дайын.
Түр арқылы іздеу
Көптеген голливудтық фильмдерді қарап отырсаңыз, қылмыскерлерді бейне бақылау арқылы түсіріп, жер шары бойынша іздеу жасайды. Бұл фильмде шынайы көрінгенімен, өмірде нақты емес еді. Ақыры мұның да шыңына жеттік. Қытай ғалымдары бұл жүйені іске қосып та үлгерді.
Квантты компьютерлер
Google және Intel компаниялары болашақта адам сенбейтін компьютерлердің бағдарламасын құру үстінде.
Селфи жасаудың жаңа түрі
Қазірдің өзінде қоғамда қол жетімді техникаға айналған шеңбер үлгісіндегі камералар адамдарға толыққанды селфи жасауға мүмкіндік берді.
Күннің жылуынан энергия алу
Күн сәулесінен жер қабатына түсетін жылуды сақтайтын фотоэлемент секілді аппарат жасалып шықты. Ол болашақта күннен түскен жылуды сақтап, үздіксіз арзан бағада энергия таратады.
Ген терапиясы 2.0
Бұл медицина ғалымдарының арасында қызу талқыланып жатқан, болашақта адамзат баласының жаман аурулармен күресуіне мүмкіндік беретін құнды жоба. Егер ол сәтті аяқталса, адамзат тарихындағы ең керемет технологиялық жаңалықтардың бірі болады.
Жасуша атласы
Аталған биологиялық керемет жоба адамдардың қандай жасушалардан тұратынын көрсетіп береді.
Желі боттары
Болашақта желі арқылы үйдегі барлық гаджеттерді басқаруға болады.
Қателік және сабақ алу
Компьютерлік бағдарлама тілі ретінде жасалатын бұл технология болашақтың еншісінде. Сіз кез келген күмәнмен қараған әрекетіңізді компьютер бағдарламасы арқылы алдын-ала жасап, тәжірибе жүзінде қателік қай жерден кеткенін ескересіз әрі сабақ болады.