Google сіздің смайлигіңізді жасап береді

Google сіздің смайлигіңізді жасап береді
Фото: vk.com

Google компаниясының Allo мессенджерінде жаңа мүмкіндік пайда болды. Ол — селфиді эмодзиге айналдыратын қосымша. 

Қосымшаның жұмыс істеу принципі мынадай: арнайы алгоритмдер көмегімен фотосуреттегі адам келбеті зерделенеді, одан кейін бағдарлама базасына енгізілген суреттер ішінен сол адам түріне ұқсас бейне таңдалады. Қосымша қорына енгізілген суреттер Ламар Абрамстың шебер қолынан шыққан. Өз бейнеңіздің сурет немесе мульт-нұсқасын таңдағаннан кейін оның 22 эмоциялық түрі бейнеленген үлгісі ұсынылады.

Қосымшаны ойлап тапқандардың айтуынша, ол 563 квадриллион бет-әлпетті түрлендіре алады. Яғни, осыншама адам келбетінің мультипликациялық нұсқасын жасайды. Бұл мүмкіндік Allo мессенджеріне жақын арада қосылады.

А. Оралқызы