Ең бірінші компьютерлік ойын қандай болған?

Ең бірінші компьютерлік ойын қандай болған?
Фото: i-fakt.ru

Технология соның ішінде компьютердің дамыған тұсында оның қалай пайда болғаны туралы, алғашқы сандық технологиялардың қалай жұмыс жасағаны жайында мектеп қабырғасынан оқып келеміз. Бірақ сіз бен осы компьютердегі ойынның қандай болғанын білеміз бе? 


Ең бірінші компьютерлік ойын – екі ғарыш кемесінің атысы. Оларды Spacewar деп атаған. Оны ойлап тапқан ақылды адамдар жұмыстан бос уақыттарында бағдарлама тілі арқылы құрастырған. Массачусетс технологиялық институтындағы Стив Рассел және Мартин Гретц бастаған топ осы ойынның тікелей авторлары. Ал басты идея авторлары бір-бірімен саяхат жасап жүріп танысқан. 1962 жылдың қаңтар айында екеуі жай ғана бағдарлама тілін жасайды. Арада бір ай өтісімен аталған бағдарлама тілі екі ғарыш кемесінің бір-бірімен атысу ойынына айналады. 

Spacewar ойыны алғашқы PDP-1 компьютерінде құрастырылды. Оның жұмыс істеу жүйесі секундына 100 мың жұмысты орындай алатын болған. Ал қазіргі компьютерлердің аталған жүйесі бұл уақытта екі миллиард жұмыс орындай алады. Ал оның жады бар болғаны 9 кб. 

Ойын қара түсті құрылымда жасалып, екі бірдей ғарыш кемесі бір-бірімен қарама-қарсы бағытта атысады. Оны бір адам және екі адам бірдей отырып пернетақта арқылы ойнауға болады. Оқтары мен жанармайлары шектеулі. Ал атылған ракетадан қашу үшін ғарыш заңдылығына сай тартылыс күші бойынша жұмыс істеп, қозғалыс жасауға тура келген. Қарапайым болса да Spacewar ойыны әлемдегі ең бірінші компьютерлік ойын болып қалды. 1971 жылы оның Computer Space атты жаңа нұсқасы жарыққа шықты. Дегенмен бұл ойын басқы жоба секілді жетістікке жете алмады. Себебі Стэнфорд студенттер қоғамы бұл ойынның жаңа түрін ойлап тауып, жұртқа ұсынып үлгереді. Ұзақ уақыт өтпей ең бірінші компьютерлік ойын идея жетекшілеріне 60 мың доллар көлемінде пайда әкелді. 

М. Ақан