Apple Music қызметінің 15 миллион қолданушысы бар

Apple Music қызметінің 15 миллион қолданушысы бар
Фото: www.digitaltrends.com

Ресми түрде жарияланған мәліметке орай, соңғы алты аптада Apple Music қызметі қолданушыларының саны үш есе артып, 15 миллионға жеткен. Айта кетсек, тамыз айының басында тіркелгендердің саны небары 11 миллион болған.

Apple мұндай көрсеткішке компанияның жақсы жарнаманың арқасында жетіп отыр. Дегенмен, әзірге, тіркелгендердің жартысы қызметтің ақысын ары қарай создыру туралы мәлімет қалдырмаған. Сол себепті New York Post сарапшылары белсенді қолданушылардың санын анықтауға асықпауды жөн санап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жаңадан тіркелушілер Apple Music музыкалық қызметін алғашқы үш ай тегін қолдана алады. Ал кейін оның құны айына $9,99 (2700 теңге) болмақ. Ал қолданушы 30 миллионнан астам әуенді кез келген уақытта тыңдай алады. 

Ж. Өрісбай