Apple селфиге арналған iPod шығарды

Apple селфиге арналған iPod шығарды
Фото: iPod touch, плеер, селфи, гаджет, құрылғы, курылгы, сатып алу, ақ, көк, камера

Apple селфи жасауға арналған камерасы бар iPod touch жасап шығарды, - деп жазады РИА Новости. Жаңа гаджеттің 5 түсті нұсқасы болады: алтын түстес, күміс түстес, қызғылт, көк. Құрылғыға 8 мегапикселдік iSight камерасы мен селфиге арналған FaceTime HD-камерасы орнатылған.

Плеердегі A8 чипі күрделі ойындарды ойнауға мүмкіндік береді. Гаджет iOS 8 операциялық жүйесінде жұмыс істейді. 

Тағы бір жаңалық – Apple Music сервисі. Алғашында қолданушылар мұны 3 ай тегін пайдалана алады. Кейін айына 9,99 доллар төлеп отыруы керек. 

Плеердің 16 гигабайттық нұсқасы 199 доллардан, 32 гигабайттық нұсқасы 249 доллардан, 64 гигабайттық нұсқасы 299 доллардан, 128 гигабайттық нұсқасы 399 доллардан сатылады. 

М. Бисембаева