Google қандай өнімдерін ұсынбақ?

Google қандай өнімдерін ұсынбақ?
Фото: vk.com

Жоғары технология жаңалықтарына үнемі құлақ түретін адамдар беделді компаниялардың өнімдері таныстырылатын іс-шаралардан кенде қалмайды. Әрбір үлкен конференцияның өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сынды үлкен жиын 29 қыркүйек күні Сан-Франциско қаласында болмақ. Аталған күні Google корпорациясы өзінің жаңа мобильді аппараттарын таныстырады.

Бүгінгі таңда ресми анонсы өтетін 3 гаджет ғана белгілі. Атап айтқанда Huawei Nexus, Nexus 5X, Chromecast 2 девайстары ресми түрде көрерменнің көзайымына айналады.

Droid Life ресурсының ақпаратына сенсек, Huawei фаблеті Nexus 6P атауына ие болады. Ал Nexus 5X флагманымен барлығы белгілі. Мұндағы «X» таңбасы«Xtreme» ұғымын береді. Дегенмен «P» неге сүйемелденгеніп алынғаны әзірге анық емес.

Nexus 5X смартфонының техникалық мүмкіндігіне тоқтала кетсек, жаңа девайс 1,8 жиілікте жұмыс істейтін Snapdragon 808 процессорымен жабдықталған. Сондай-ақ, 2 гигабайт оперативті жады, 5,2 дюймді FullHD-дисплей және 12,3 Мп сапаға ие камерамен қамтамасыз етілген.

Аталған кеште жаңа мобильді құрылғылармен қатар Android операциялық жүйесінің соңғы нұсқасы жарыққа шығады. Айта кетсек, әлі сатылымға шығып үлгермеген HTC One A9 смартфоны Android 6.0 Marshmallow нұсқасымен қамданған.

Chromecast

29 қыркүйекте Chromecast 2 сандық медиаплеері жаңа дизайнмен шығады. Енді оған қосалқы сымның көмегімен Fast Play бағдарламасын енгізе аламыз. Одан бөлек, гаджет жаңа Wi-Fi модулімен жабдықталған.

Интернет алыбы Google компаниясының мобильді құрылғыларын қолданып көрдіңіз бе? Оның сапасы жайлы не айта аласыз?

Ж. Өрісбай