HTC — Google Nexus 9 планшетін өндіруші

HTC — Google Nexus 9 планшетін өндіруші

Жуырда IT-нарықта пайда болатын iPad Air 2 және iPad mini 3 планшеттерінен кем түспейтін Google Nexus 9 өнімі де сатылымға шығу алдында.

Google компаниясының арнайы тапсырысымен жылда әртүрлі компания құрастырып келетін планшеттер сериясының осы жылғы нұсқасын қытайлық бренд HTC жасап жатқаны мәлім болды. Бұл туралы ресми емес ақпараттар да осыған дейін ғаламторда шығып жатқан болатын. Дегенмен, расталған ақпаратты компания президенті Jack Tong хабарлады.

Nexus 9 шығарылымы HTC үшін өте үлкен маңызға ие болмақ. Себебі бұл жаңа гаджеттің толқыны қытайлық компанияның планшеттер нарығына қайта оралғанын білдіреді.

Әзірге Google Nexus 9 планшетінің сатылымға шығу уақыты анық емес. Дегенмен, ғаламтордың болжамды ақпараттары таныстырудың 16 қазан күні боларын хабарлайды. Ал жаңа iPad планшеттерінің шығу күні де тура сол межені көрсететіні белгілі. Демек, Google корпорациясы HTC-мен біріге, Apple-дің табысын бөлісуге талаптанып жүрген сыңайлы.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ausdroid.net

Ж. Өрісбай