"Жедел пернелермен" қалай жұмыс істеуге болады? #2

"Жедел пернелермен" қалай жұмыс істеуге болады? #2
Фото: www.ktex-it.ru

Басы

MS Excel
F2 — ұяшықты ашып, өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.
Ctrl+бос орын — бағананы таңдау.
Ctrl+Enter — белгіленген ұяшықтарға бірдей ақпарат толтыру.
Shift+бос орын — қатарды таңдау.
Ctrl+Home — құжаттың бастапқы бөлігіне барамыз, A1 ұяшығы белсенді болады.
Ctrl+Page Up — кітаптың келесі бетіне өту.
Ctrl+Page Down — кітаптың алдыңғы бетіне өту.
Ctrl+1 — терезені ұяшық пішімінде ашу.
Ctrl+Shift+4 (Ctrl+$) — үтірден кейін қаржылық пішімін орналастыру.
Ctrl+Shift+5 (Ctrl+%) — пайыздық көрсеткіш орнату.
Ctrl+: (Ctrl+қос нүкте) — қазіргі уақытты көрсету.
Ctrl+; (Ctrl+нүктелі үтір) — бүгінгі күнді көрсету
Ctrl+" (Ctrl+тырнақша) — төменгі ұяшықты көшіру.

Google Chrome
F6, Ctrl+L әлде Alt+D — пернетақта аумағынан қолжетімді аймаққа өту, ішіндегісін таңдайды. Мысалы, адрестік жол.
F11 — ағымдағы терезені толық экран режимінде ашады, бұл режимнен шығу үшін қайтадан F11 басамыз.
Alt+Home — ағымдағы парақшада алғашқы бетті (домашня страница) ашады.
Backspace не Alt+сол жақ нұсқағыш — парақшалар тарихының алдыңғы бөліміне өту.
Shift+Backspace немесе Alt+сол жақ нұсқауыш — парақшалар тарихының келесі бетіне өту.
Ctrl+Shift+Delete — «Очистить историю» диалогтік терезесін ашу.
Ctrl+Enter — Адрестік жолдың алдына www. және соңына .com қояды. (мысалы google www.google.com сілтемесіне айналады).
Ctrl+Shift+N — бүркеншік ат (инкогнито) режимінде жаңа терезе ашады.
Ctrl+Tab не Ctrl+Page Down — келесі парақшаға өту.
Ctrl+Shift+Tab не Ctrl+Page Up — алдыңғы парақшаға өту.
Ctrl+Shift+T — соңғы жабылған парақшаны қайта ашу.
Ctrl+Shift+J — парақшаның бастапқы кодымен танысуға мүмкіндік беретін әзірлеуіш инструменттерді ашу.
Shift+Alt+T — браузер инструментіне өту. Нұсқауыш – инструмент арасына орналасу, Enter – инструментті таңдау.
Shift+Esc — «Диспетчер задач» ашу.
Ctrl++ (плюс) — парақша масштабын ұлғайту.
Ctrl+— (минус) — парақша масштабын кішірейту.
Ctrl+0 — парақшаны стандартты (100%-тік) масштабқа келтіру.
Ctrl+1—Ctrl+8 — парақшаны реттік нөміріге сәйкес орнату.
Ctrl+9 — соңғы парақшаға өту, іздеу жүйесі.
Ctrl+D — ағымдағы парақшаны белгілеу (закладка).
Ctrl+F немесе Ctrl+G — мәтін іздеу терезесін ашу.
Ctrl+H — парақшалар тарихы терезесін ашу.
Ctrl+J — жүктеулер терезесін ашу.
Ctrl+K әлде Ctrl+E — адрестік жолға өту.
Ctrl+N — жаңа терезе ашу.
Ctrl+O — файлды ашу терезесін шақыру.
Ctrl+P — ашық тұрған парақшаны басып шығару.
Ctrl+R не F5 — ағымдағы парақшаны жаңарту.
Ctrl+S — ағымдағы парақшаны сақтау.
Ctrl+T — қосымша парақша ашу.
Ctrl+U — парақшаны бастапқы кодымен ашады.
Ctrl+W не Ctrl+F4 — ағымдағы терезені жабу.

Келесі тәсілдерді орындай отырып, тінтуірдің оң жақ батырмасын қолданбауға болады:
Ctrl+ сілтемені бассаңыз ағымдағы парақша ашық тұрады, сілтеме жаңа парақшада ашылады.
Shift+ сілтеме – жаңа қосымшада ашу.
Ctrl+Shift+ сілтеме – жаңа терезеде ашу.

Жалғасы бар...

Ұқсас жазбалар:

BBC сіз туралы дерек беретін ғаламтор қызметін ұсынады

iOS жүйесінің мүмкіндіктері туралы не білесіз?

@. @assel_assanova