"Жедел пернелермен" қалай жұмыс істеуге болады?

"Жедел пернелермен" қалай жұмыс істеуге болады?
Фото: cg-school.org

Компьютерде жұмыс істеу "жедел пернелер" арқасында тез әрі қолайлы болды. Windows операциялық жүйесіндегі пайдалы әрекеттерді бұрын білмеген болсаңыз, келесі кеңесіміз сізге арналады.

Ctrl+C — көшіру. MS Office бағдарламасында Ctrl+C батырмаларын қатар бассаңыз белгіленген мәтінді көшіріп аласыз.
Ctrl+N — жаңа құжат ашу.
Ctrl+O — ашу.
Ctrl+S — сақтау.
Ctrl+V — қою.
Ctrl+W — терезені жабу.
Ctrl+X — қиып алу.
Ctrl+Y — өзгеріс әрекетін қайталау.
Ctrl+Z — соңғы өзгерісті болдырмау.
Ctrl+Home — құжаттың бастапқы бөлігіне өту.
Ctrl+End — соңғы бөлікке өту.
Windows+E — Іздеу (Проводник) қызметін ашу Windows (Explorer).
Windows+D — барлық терезелерді жиырып (свернуть) жұмыс үстеліне өту не жиырылған терезені ашу.
Windows+U — компьютерді өшіру.
Alt+Tab — ашық терезелермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Alt батырмасын басып тұрып, Tab батырмасын бірнеше рет бассаңыз бірнеше терезелер шығады, қажеттісін таңдап аласыз. Windows+Tab батырмаларын қолданып, қажетті терезеңіз белгіленгенде Enter-ді басасыз.
Alt+Tab+Shift және Windows+Tab+Shift терезені кері бағытқа айналдырады. Alt — ашық терезеге жүйелік мәзірді орнатады. Оны стрелка арқылы қолдануға болады немесе Alt+әріп.

Shift+F10 — ағымдағы объекттің контекстік мәзірін ашады және Жоңғары/Төмен нұсқағышымен қажетті бөлімді таңдауға болады. Бұл үйлесім тінтуірдің оң жағын басу қызметін алмасытырады. Windows операциялық жүйесі басқа да дербес әрекеттерді қамтиды. Жұмыс алаңында қажетті бағдарламаның бетбелгісіне (ярлык) барып, тінтуірдің оң жағын басып, «Свойства» бөлімін таңдаймыз. Диалогтік терезеден «Ярлык» парақшасын табамыз. «Быстрый вызов» алаңшасына қажетті пернені енгіземіз. Ctrl+Alt таңдаған пернеміз автоматты түрде шығады. Оk батырмасын басамыз.
Ctrl+Alt+ өзіміз енгізген перне.
Ctrl+Shift+Esc — диспетчер міндетін ашу.

MS Word
Ctrl+Space — белгіленген аймақтағы пішімдеуді (форматирование) жою.
Ctrl+0 — абзац арасындағы интервалды өзгерту.
Ctrl+1 — жол арасына жалқы (одинарный) интервал қою.
Ctrl+2 — жол арасына екілік интервал.
Ctrl+5 — жол арасына бір жарым мөлшерлік интервал.
Alt+Shift+D — бүгінгі күннің мезгілін шығару.
Alt+Shift+T — қазіргі уақытты көрсету.

Жалғасы бар...

Ұқсас жазбалар:

Adobe Flash – Әріптердің терілу барысы

Компьютерлік сауаттылық. 1 - сабақ (Тышқанды баптау)

@. @assel_assanova