BBC сіз туралы дерек беретін ғаламтор қызметін ұсынады

BBC сіз туралы дерек беретін ғаламтор қызметін ұсынады
Фото: nypost.com

Британдық BBC медиа корпорациясы кез келген адамның өмірінде туылған кезінен бастап қандай өзгерістердің болғанын көрсететін ақпараттық интернет қызметін ұсынады.

Өзіңіз туралы қызық ақпаратқа ие болу үшін мына сілтеме арқылы Your Life on Earth қызметіне өтіп, туған күніңіз, жынысыңыз бен бойыңыз туралы мәліметті енгізесіз. Сосын сіз белгілеген мезгілден бергі уақытты қамтитын статистикалық ақпаратқа ие боласыз. Атап айтқанда, туылғаныңыздан бері жүрегіңіз неше рет соққанын анықтауға болады. Сондай-ақ, Шолпан немесе Марс ғаламшарында өмір сүргенде жасыңыз қанша болатыны көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, осы сынды қызмет үлгісін бірнеше жыл бұрын Google корпорациясы ұсынған болатын. Дегенмен оның жеке адам басына қатысты ақпарат беруі шамалы болғандықтан, көптің қызығушылығына ие бола алмады. Ал Your Life on Earth ғаламтор қызметі Google қателігін ескеріп отыр.

Ұқсас жазбалар: 

Интернет-журналистика - журналистиканың ерекше түрі

Сайтпен ақша табудың жолдары

Ж. Өрісбай