Дрондар «Амстердам Арена» стадионында 3D-шоу көрсетеді

Дрондар «Амстердам Арена» стадионында 3D-шоу көрсетеді

Соңғы кездері ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен танымал болып келуде. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана квадракоптерлер тек әскери мақсатта қолданылған болатын. Енді аппараттар әуесқойлардың арқасында кеңінен қолданыла бастады.

Бүгінде дрондар үлкен ойын-сауық орталықтарының басты сегментіне айналған. Ал AIR шоуының ұйымдастырушылары бұл көзқарасты жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр.

Ағымдағы жылдың соңына қарай Нидерландыдағы «Амстердам Арена» футбол стадионында үлкен масштабты көрсетілім болады. Оған ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен 3D-эффектілер қолданылмақ. Идея авторлары инновациялық технология мен өнердің заманауи қырын біріктіріп, шоу көрсетуді жоспарлаған. Шоудың сипатын төмендегі трейлерден көре аласыздар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, AIR шоуы ерекше премьера кейпін танытады. Шоудың басты кейіпкері квадракоптерлер болмақ. Олар футбол жанкүйерлерін әртүрлі эффектімен жаулайтын болады.

Сурет: www.parool.nl

Оқи отырыңыз: 

АҚШ-та кілтті 3D-принтермен шығару әдетке айналды

Сингапур мейрамханасындағы робот даяшылар (Видео)

Google-дің жаңа гаджеті қатерлі ісіктің алдын алады

Iphone 6 смартфонының тағы бір моделі шығады

Ж. Өрісбай