Жапонияда 300 смартфон бірігіп хор айтты (Видео)

Жапонияда 300 смартфон бірігіп хор айтты (Видео)

Android платформасы негізіндегі девайстарды адамдарға жарналамаудың ерекше жолы жасалды. Google корпорациясының Жапониядағы кеңсесінің мамандары смартфондарды бірге ән айтуға байдарламалаған.

300 смартфонның біріккен ән шашуы Жапония астанасы Токиода өтіп жатыр. Бір қызығы хорға қатысушы әрбір құрылғыға арнап Android-тың анимациялық бейнесі (аватар) жасалыпты. Жаңа электроника негізіндегі хор Күн шығыс елінің азаматтарын қандай орындаумен таңдандыруда дейсіз бе? Людвиг ван Бетховеннің «Жалғыздықпен құшқан бақыт» туындысымен.

Расымен бір жерге осынша аппаратты жинап, шоу ұйымдастыру екінің бірінің ойына келе бермейді. Айта кетсек, бірнеше жүздеген дыбыстың бірегей шығуына тек гаджеттің динамикасы ғана қолданылыпты.

Егер қазіргі кезде Жапонияда саяхаттап немесе іс-сапармен жүрген болсаңыз, Google оркестрі негізіндегі хор орындауын көруге асығыңыз. Шоу Жапония астанасы Токио қаласындағы әйгілі «Омотэсандо биігі» кешенінде өтіп жатыр. 

Сурет: www.mamaktalk.com

Оқи отырыңыз: 

Torque – әлемдегі ең берік смартфон

Жапония жасөспірімдері видео ойындардан арылғысы келеді

LG G Flex 2 смартфоны ресми сатылымға қашан шығады?

CES 2015. Kodak брендімен шыққан алғашқы смартфон

Ж. Өрісбай