- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Билл Гейтс жасанды...
Билл Гейтс жасанды сананың дамуына қарсы
Соңғы кездері жасанды сананың жылдам дамуына қатысты көптеген белгілі ғалымдар жеке пікірін білдіруде. Біз осыған дейін ағылшын физигі Стивен Хокинг пен инженер әрі миллиардер Элон Масктың адамзатты жасанды сананың салдарын пайымдауға шақырғаны туралы жазған болатынбыз. Енді бұл ретке Microsoft компаниясының негізін қалаушы әрі бұрынғы басшысы Билл Гейтс те қосылды.
«Мен жасанды сананың дамуы адамзат үшін қауіпті дейтіндер қатарындамын», - дейді Гейтс жеке сұқбатында.
Сондай-ақ, ол саналы роботтардың белгілі бір салаларда адам баласының жұмысын жеңілдететінін, бірақ кейіннен уақыт өте олардың санасы жоғары деңгейге жетіп, адамзат үшін қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтып өтті.
«Мен Элон Маск пен өзге де ғалымдардың ойына қосыламын. Бұл технологияның болашағы қауіпті боларын неге түсінбейміз?», - дейді миллиардер.
CNet ресурсының хабарлауынша, Билл Гейтсті өзі құрған компания құрастырып жатқан виртуалды көмекші Cortana-ның дамуы да алаңдатады екен. Ол өзі компания басшылығынан кетіп қалған болса да, қазіргі бас директор Сатья Наделланың жасанды сананы дамыту барысында мұқият болуын тілейді екен.
Сурет: www.boursier.com
Оқи отырыңыз:
Жасанды сана адамзат үшін қажет пе?
Адамзат он жылдан кейін Facebook құрған виртуалды әлемде өмір сүретін болады
"Болашақта роботтар адамдарды басқарып кетеді"
CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды
Ж. Өрісбай