"Minecraft" ойыншыларының саны рекордтық көрсеткішке жетті

"Minecraft" ойыншыларының саны рекордтық көрсеткішке жетті

2015 жылдың 10 қаңтарында "Minecraft" ойыншыларының саны бойынша рекорд тіркелді.

Mojang компаниясының ақпараты бойынша "Minecraft" ойыншыларының саны миллионға жетті. "Қазірде бір уақытта 998.000 ойыншының бар екенін анықтадық", - дейді "Minecraft" ойының негізін салушыларының бірі Натан Адамс.

Алайда, бұл көрсеткіш PC, Mac пен Linux қолданушыларына ғана қатысты. Желіге кірмей, лицензиялы емес нұсқаларын қолданатын ойыншылар саны белгісіз болғандықтан, бұл рекордтың саны одан да асуы ықтимал.

Бұл ойын әлемде ең танымал ойындарының бірі "Dota 2"-ден де ойыншылар саны бойынша асып түсті.

"Minecraft" ойынының "Pocket edition" нұсқасы 2011 жылдың қараша айында жарияланған еді. Кейінірек бұл нұсқа Android пен iOS жүйесіндегі мобильді құрылғыларына арнап шығарылды.

Сурет: reddit.com

Оқи отырыңыз:

Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады

Disney роботы қандай қабілетке ие? (Видео)

Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек

Ф. Абилова