Google баяу жұмыс істейтін сайттарды таңбалай бастайды

Google баяу жұмыс істейтін сайттарды таңбалай бастайды
Фото: xakep.ru

Google іздеу жүйесі Chrome браузерінде баяу жұмыс істейтін сайттарға арнайы "ұят" белгісін қоймақ. Бұл жаңалықтың қашан енетіні белгісіз. Бірақ компания блогындағы жазба бойынша сайттардың түбінде таңбаланатыны анық.

"Болашақта Chrome тез немесе баяу жүктелетін сайттарды анықтап, оларды таңбалауы мүмкін. Біз түрлі опциямен тәжірибе жасауды жоспарлап отырмыз. Осылайша қолданушыларға қай сайттың сай келетінін анықтап отырамыз", - делінген Chrome блогында.

Сондай-ақ, Chrome қолданушының аппарат жасақтамасы мен нашар интернет-байланыс әсерінен жай ашылатын веб-ресурстарды да көрсетіп отырмақ. Одан бөлек арнайы сайттың жүктелу жылдамдығының индикаторы қосылмақ. Егер сайт жылдам ашылса, жасыл индикатор, баяу жұмыс істесе, қызыл индикатор шығатын болады.

Сайттар неге баяу жұмыс істейді? Caspowa сервисінің негізін қалаушы Александр Астапенко оның 5 себебі бар дейді.

1) Желі кідірісі

2) Сайтқа жүктелген файлдардың саны

3) Сайтқа жүктелген файлдардың көлемі

4) Шеткі скрипттің жүктелуі

5) Нашар мобильді байланыс пен Wi-Fi

Massaget.kz