Google Chrome пайдалы жаңа функцияға ие болады

Google Chrome пайдалы жаңа функцияға ие болады
Фото: unsplash.com

Chrome браузерінің жасаушылары "Ойнату/Пауза" батырмасын қосуды жоспарлап жатыр. Оның көмегімен қолданушы браузерде қосулы тұрған кез келген мультимедиялық контентті паузаға қойып, қайта ойната алады. Яғни музыка не видео қай бетте ойнап тұрса да, оған өтпей-ақ өшіруге болады.

Жаңа функция Global Media Controls (GMC) деп аталады. GMC шілденің басында браузердің тест дистрибутиві Chrome Canary-де пайда болды. Батырма URL-адрестер панелінің оң жағында орналасқан және қалқыма терезе ретінде ұсынылған. 

©theverge.com

Chrome Canary қолданушылары GCM Play батырмасын қосу үшін chrome://flags/#global-media-controls флагын орындау керек. Қазір тест режимінде болғандықтан, функцияның жұмысы бірқалыпты емес, дегенмен The Verge редакциясына берген жауабында ресми қосылғанда барлық ақау жөнделеді деп сендірді Google компаниясы. 

Қазіргі тест режим арқылы қолданушылардың реакциясы бақыланып жатыр. Көбіне GCM Play ұнап жатқан көрінеді. Ресми қашан қосылатыны әлі белгісіз.

Massaget.kz