Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / iPhone 5S әлемдегі ең жылдам смартфон болып танылды

iPhone 5S әлемдегі ең жылдам смартфон болып танылды

iPhone 5S әлемдегі ең жылдам смартфон болып танылды

Қолданбалы электроникаларды сынақтан өткізуші тәуелсіз британдық Which?, ресурсы әлемдегі ең жылдам смартфондардың жаңа рейтингін жариялады. Рейтингтің көшін Apple компаниясының су жаңа өнімі iPhone 5S смартфоны бастады.

Құрылғыларды сынақтан өткізу барысында мамандар әр тапсырманы қанша уақытта орындайтынын есепке алып отыратын Geekbench мультиплатформалық синтетикалық тестін қолданған екен. Сынаққа қатысқан барлық смартфон бірнеше ядролы болғандықтан (2 немесе 4), тест кезінде олардың бір ядросының ғана қуатын анықтап, кейін оны ядро саны мен коэффициенттерге көбейту арқылы оның жалпы жылдамдығы анықталды.

Осылайша бұл бәсекеде Apple iPhone 5 смартфоны топ жарды. Бір қарағанда, оның процессор күші орташа көрінетіні жасырын емес. Онда 1,3 ГГц жиліктегі екі ядролы процессор орнатылғандығын айта кетейік. Алайда жоғары жиілік пен ядро саны үнемі үлкен өнімділікті бермейтіні анықталып отыр.  

Барлық смартфон бірнеше қайтара сынақтан өтіп, кейін қорытынды есебі жарияланды. Сонымен ең жылдам смартфондардың үздік жетілігі төмендегідей болды:

1. Apple iPhone 5S: 1410 (бір ядросын есептегенде), 2561 (барлық ядросымен бірге);

2. LG G2: 882, 2355;

3. Samsung Galaxy S4: 687, 1939;

4. HTC One: 643, 1805;

5. Apple iPhone 5C: 711, 1281;

6. Samsung GALAXY S4 Mini: 649, 1135;

7. HTC One Mini: 477, 880.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: techno.bigmir.net

2283 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 21 қазан 2013, 19:05
Пікірлер
+0
22 қазан 2013, 10:09

Өте дұрыс, ең соңғы шыққан түрі ғой. Негізі өзім самсунг қолданамын, алайда айфон мықтырақ екендігі байқалады

+0
22 қазан 2013, 12:16

Үздік жетілік??? Кім жасады мына жетілікті? Айфон 5Ц, С4мини, Уан мини дегендер тіпті жиырмалыққа да кіре алмайды. Менің ПадФонымның өзі Галакси С4тен мықты болады. Қытайдың ішкі нарығындағы Сьяоми деген смартфондарын, Леновоның Интел Атом процесорымен жабдықталған девайстарын тіпті айтпай-ақ қояйын! Аңқауелге арамза молда дегеннің кері болды ғой мыналарың

+0
22 қазан 2013, 12:20

ең соңғы "ң" әрпі болмау керек еді по идее :D

+0
22 қазан 2013, 17:20

Айфонға деген махаббатым оянатын сияқты ))) бірақ экрандарының кішілігі ұнамайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев