Жаңа Mercedes S-Класс

Жаңа Mercedes S-Класс

Осы аптаның ең басты авто жаңалығы Mercedes-Benz компаниясының S-Класс сериясының су жаңа көлігін ресми таныстыруы болды. Сонымен жаңа Mercedes-Benz S-Класс көлігімен таныс болыңыздар.

Қазір неміс компаниясы өздеріне басты мақсат ретінде "ұзын көліктерді" шығаруды қойған секілді. Себебі соңғы кездері Азия елдерінде көліктің дәл осы нұсқасына деген сұраныс артып отыр.

1

Сонымен жаңа көлік бұрынғы нұсқасына қарағанда ұзынырақ - оның ұзындығы енді 20 мм-ге, ал ені 12 мм-ге артқан. Одан бөлек, көлік 95 келіге жеңілдеген. Ол осындай көрсеткішке сыртқы панельдердің барлығы да алюминийден жасалынғандықтан жетіп отыр.  

2

Бірақ жаңа S-Класс көлігінің бар қызығы оның салонында жасырылған. Бұл салон нағыз ыңғайлылық пен сәннің кепілі бола алады! Немістердің көлікті тек қана жолаушылардың ғана емес, жүргізушінің де көңілі жүз пайыз толатындай етіп жасағаны көрініп-ақ тұр. 

3

Жолаушылар массаж жасау қызметі бар орындықтан, интернетке кіре алатын шағын компьютерден, Burmester музыкалық жүйесінің әуендерінен және тағы да басқа керемет заманауи қызметтерден ләззат алатын болса, жүргізуші алдында орналасқан жоғары дюймды навигация және басқа да мәліметтер көрсетілген экранға сүйсіне қарайтын болады.

4

Magic Body Control аталған шасси арнайы камера көмегімен жолдағы ауа-райы жағдайына қарай бейімделетін болады. Немістердің сөзінше, жаңа S-Класс көлігі қай жағынан болса да осы сегменттегі ең үздік көлік атағына лайық.

5

Ең бірінші болып сатылымға S 350 BlueTec (V6 3.0 көлемдегі және 258 аттың күші бар), S 400 Hybrid (V6 бензинді көлемі 3.5 және 306 аттың күші бар, ол тағы 27 аттың күші бар электромотордың есебінен көбейеді) және S 500 V8 көлемі 4.7 (455 а.к.) нұсқалары шықпақ. Кейінірек ток көзінен қуаттауға болатын S 500 Plug-in Hybrid нұсқасы шығатын болады.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mail.ru

Б. Қосмағамбет