Ат күші деген не?

Ат күші деген не?

- Менің көлігімнің 230 ат күші бар!

- Сен оны айтасың, ал менің "пәленшемнің" қозғалтқышы 300 ат күшін бере алады! Осындай диалогтарды жиі естиміз. Иә, ат күшінің көп болғаны жақсы ғой, бірақ сол күштің не білдіретінін тек көлік жөндеу мамандары мен нағыз автосүйер қауым білсе керек. Ал қалғандары оның тек көп болғаны жақсы екенін біледі. Біз сіздерге ат күші туралы айтамыз.

Тарихы

Бәрі 1782 жылы Джеймс Уайттың екі әрекетті бу машинасын ойлап табуынан басталды. Бірінші бу машиналарына қарағанда Джеймстің өнертабысы әлдеқайда тиімді әрі пайдаланылуда оңайлығымен ерекшеленді. Бірақ, егер сенің ойлап тапқан дүниеңе сұраныс болмаса, оның не қажеті бар? Бұл құрылғыға жарнама керек еді.

Өз құрылғысының Джеймс шахталардан суды айдап әкетуі үшін тиімді болатынын айтқан. Бірақ, шахтерлер бұл құрылғыны қолданудан бас тартқан. Джеймс Уайт сол кезде энергия көзі ретінде жиі пайдаланған аттың орта есеппен минутына 181 фунт салмақты 181 футқа көтере алатынын байқаған болатын. Өнертапқыш минутына фунт-футқа шаққандағы өлшеулерді дөңгелектеп алып, бір ат күші минутына сол 33 000 фунт-футқа тең болады деген қорытынды жасады.

Жаңа қозғалтқыштардың қуаттылығын есептеу үшін мынадай тәжірибені жасады. Атты суды айдайтын насосқа жегіп, оның бір күнде қанша көлемде су көтере алатынын жазып алады. Сосын, сол насосқа бу қозғалтқышын қосып, оның бір күнде көрсететін өнімділігін есептеген. Екінші санды бірінші көрсеткішке бөліп, насос N-санды ат күшіне тең деген қорытындыға келді. Сол тәжірибенің нәтижесінде пайда болған қуат "ат күші" деген атауға ие болған.

Қозғалтқыштың күшін сипаттайтын бірнеше тәсіл мен бірнеше өлшем бірлік қарастырылған. Әрине, олардың барлығы бірдей нәтиже көрсетпейтіні айдан анық. Мысалы, Еуропада қабылданған стандарт бойынша қозғалтқыштың қуаттылығы киловатпен сипатталады. Егер қозғалтқыштың қуаттылығы ат күшімен берілсе, әртүрлі мемлекетте оны өлшеудің әртүрлі әдісі қолданылуы мүмкін.

Атауы Формула Ватт
Метрлік ат  күші ≡ 75 кгс·м/с = 735,49875 Вт
Механикалық ат күші ≡ 33 000 фут·lbf/мин

= 550 фут·lbf

= 745,6999 Вт
Электрлік ат күші   ≡ 746 Вт

 

Бұған қоса, қозғалтқыштың қуаттылығын есептегенде жанармайдың түріне назар аударылады. Былай айтқанда, егер, қозғалтқыш АИ-95 жанармайына бейімделген болса, оның қуаттылығы сол отын түрін қолданылған кезде ғана сәйкес болады. АИ-95 саны не білдіретінін білгіңіз келсе, мына материалмен таныс болыңыз. Ал Жапония елінде қозғалтқыштарды октан саны 100-ге тең жанармаймен сынақтан өткізеді.