Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Адам баласын көлік жүргізу құқығынан айыру керек

Адам баласын көлік жүргізу құқығынан айыру керек

Адам баласын көлік жүргізу құқығынан айыру керек

Адам өмірінің жолдағы қауіпсіздігі жүргізушісіз қозғалатын көліктердің артуына негіз болып отыр. Расында жыл сайын жол апатынан қаншама адам мерт болуда. Мысалы, 2014 жылы 1,24 миллион адам көлік апатынан қайтыс болған. Бұндай келеңсіз оқиғалардың 90%-ы адамдардың қателігінен орын алған екен. Сондықтан өздігінен қозғалатын көлік технологиясы біздің жол сапарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген пікірдің маңызы арта түсті. Себебі жасанды санамен басқарылатын робот-көліктер ішпейді, ашуға мінбейді немесе шаршап жолда ұйықтап кетпейді.

Осындай идеялар алға шыққан кезде алдағы онжылдықта жүргізушісіз көліктердің енуі бізді таңқалдыра қоймасы анық. Себебі әлемнің барлық көлік өндіру концерндері автономды функцияға ие көлік құрастыруға белсенді кірісіп үлгерді. Одан бөлек, Google және Apple сынды IT-компаниялар да нарықтың үлескері атануға үміткер болуда. Жүргізушісіз қозғалатын электромобильдер шығарумен айналысатын (Tesla Motors) америкалық миллиардер Элон Маск та бұл турасында өз пікірін білдіріп, болашақта адам баласының көлік басқару құқығы болмайтынын айтқан еді.

Жақында АҚШ-тың мобильді операторы AT&T компаниясы осы тақырып аясындағы зерттеу жұмыстарын ұсынды. Жиналған мәлімет бойынша, көптеген жүргізушілер көлікті жүргізу барысында хабарлама жібереді, поштаны тексереді, ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram сынды әлеуметтік желілерде отырады, селфи түсіріп, оны жүктеумен айналысады екен. Бұл кез келген жүргізушінің назарын аударатыны белгілі.

AT&T мұндай статистикалық ақпаратты 16 мен 65 жас аралығындағы 2000 америкалыққа сауалнама жүргізу арқылы алған. Сауалнама қатысушылардың барлығы дерлік көлік жүргізу кезінде кем дегенде күніне бір рет болса да смартфонын қолданатынын айтты.

Жүргізушінің ойын бөлетін жағдайлар тізімі мынадай: 

— Мәтін теру (61%)

 Электронды пошта (33%)

 Желілерге шолу (28%)

 Әлеуметтік желілер (27% + 14%)

— Селфи (17%)

 Instagram (14%)

 Видео (12%)

 Видеочат (10%)

Жол апатынан зардап шеккен адамдар автономды басқарылатын көліктердің жаппай қолданысқа енуін қолдап отыр. Себебі өз көлігіне сенім артқан адамдар жол жүргіншілеріне қауіп төндірмейді. Бір сөзбен айтқанда, адамдар көлік жүргізбеуге тиіс. Ал сіздің пікіріңіз қандай?

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: telematicswire.net
Қосылған күні: 25 мамыр 2015, 12:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->