Lamborghini компаниясының тарихы

Lamborghini компаниясының тарихы
Фото: Коллаж

Әрбір танымал компанияның өзіне ғана тән тарихы бар. Барлығы бірден олардың әлемге атағын шығарған нәрсені өндірмеген. Мысалы, Opel бастапқыда велосипед шығарушы зауыт болса, Daimler компаниясының түбі моторлы арбадан басталады.  

Компанияның негізін қалаған Ферруччо Ламборгини Ренацио ди Ченто атты шағын қалашықта 1916  жылдың 28 сәуірінде дүниеге келеді. Техника, соның ішінде автомобиль қозғалтқышына деген құштарлығы оны Болоньядағы инженерлер мектебіне алып келеді. Оқуды аяқтағаннан кейін ол итальян әскерінде механик ретінде жұмыс істейді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ферруччо әскери техниканы қайта жаңдандырып, оны күнділікті ауыл шаруашылық техникасына айналдыру үшін жұмыстанады. Жұлдызнамасы "Торпақ" Ферруччо Ламборгини (Ferruccio Lamborghini) сол сәтте өзінің дайындаған өніміне  өгіздің белгісін салған. Қырықыншы жылдардың аяғында Ламборгини өзі құрастырған тракторларды шығарды. Кейін оның фирмасы жылытқыш техникалар мен ауа кондиционерін құрастырумен айналысты. Сол уақытта-ақ ол Италиядағы атақты әрі бай адамдардың бірі саналатын. 

Өндірістік дизайн саласы бойынша білімі бар, техникалық тәжірибесі мен кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен ол жоғары жылдамдыққа ие автокөлік жасауды ойға алды. Халық арасында оның бұндай мақсатының туу тарихы туралы түрлі аңыз-әңгімелер қалған. Соның бірі – Энцо Феррари (Ferrari компаниясының иесі) мен Ламборгини арасында бәсеке әрі тайталастық. 

Аңызға сенсек, Ламборгинидің автотұрағында бірнеше спорттық көліктер болған, арасында Ferrari маркасы да кездескен. Бірақ, кәсіпкердің көңілінен көліктің техникалық белгілері мен сапасы шыға қоймаған.

Ферруччо Энцо Феррариге өз шағымын жеткізген. Бірақ, Феррари оған "өз ісімен айналасуға, ұнамаса, өзіне ұнайтындай етіп жасап алуға" кеңес берген. Ашуға булыққан Ферруччо барлық көрсеткіші арқылы Ferrari маркасын артқа қалдыратын көлік жасауға шешім қабылдаған. Оның бұл әрекетін халық ысырапшылдық, мазасыздық және көре алмаушылық деп қабылдаған.

Энцо Ферраридің ашушаңдығы әрі мазасыздығы оның компаниясынан Джотто Бизарини, Джампаоло Даллара мен Боб Уоллес секілді белді әрі тәжірибелі мамандардың кетуіне себеп болған. Кейін оларды Ламборгини өз компаниясына жұмысқа алады. 

Картинки по запросу "Lamborghini 350 GTV""Lamborghini 350 GTV

1963 жылдың мамыр айында Automobili Ferruccio Lamborghini SpA атты компанияның негізі қаланады. Lamborghini автокөлігінің алғашқы макет үлгісі 1963 жылы қазан айында Туринде өткен автошоуда таныстырылады. Екі орынды, 12-цилиндрлі қозғалтқышқа ие, V12 қозғалтқыш көлемі 3,5 литр,ең жоғары жылдамдығы – 280 км/сағат Lamborghini 350 GTV көлігі бірден халыққа ұнайды. Жаңа көліктерге тракторларға қолданылған өгіз бейнеленген лого салынды. Жарты жылдан соң, Женевадағы автосалонда Lamborghini 350 GTV көлігінің тұсаукесері өтті.

Картинки по запросу "Lamborghini Miura""Lamborghini Miura 

1965 жылы Lamborghini Miura көлігі жарыққа шығады. Оны Джампаоло Даллара, Бобом Уоллес и Паоло Станцани Ламборгиниден жасырын түрде құрастырады. Өйткені, сол уақытта Ферруччо автокөлік жарысында қателік жіберіп, халық арасында жоғары жылдамдыққа ие көліктер керек емес деген шу тудырады. Дегенмен, автокөліктің сызбасы дайын болған кезде құрастырушылар Ламборгиниге көрсетіп, жобаға келісімін алады.  

1965 қараша айында халыққа таныстырылған Lamborghini Miura бірден халықтың жүрегін жаулап алады. 1967 жылдан 1973 жыл аралығында 800-ге жуық Miura шығарылады. Соның арқасында компания әлемге танылады. 

Картинки по запросу "Lamborghini Espada""

1968 жылы Lamborghini тарихындағы ең танымалы модель Espada жарыққа шығады. Ол алғашқы төрт орынды көлік болатын. 

Картинки по запросу "lamborghini countach 1974""

1971 жылы Женевадағы автосалонда компания Lamborghini Countach көлігін таныстырады.  Оның қозғалтқышының көлемі — 4 литр, болса жылдамдығы 300 км/сағатқа жететін. Көліктің есігі тігінен ашылып, артында ауа таратқыш орналасты. 1974-1990 жылдар аралығында осы маркадан  2042 автокөлік сатылды. 

70-жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс көптеген автокөлік өндіруші компанияларға соққы болды. Lamborghini компаниясы да дағдарыс зардабын шекті. Сатылымның азаюы мен құрылғының жетіспеушілігінен Ламборгини еріксіз акцияның 51%-н швейцариялық бизнесмен Джордж-Анри Россеттиге сатады. 1974 жылы қалған үлесі Россеттидің досы - Рене Леймерге сатылады. Жаңа иелері Lamborghini ісіне көңіл бөлмейді.  

1976 жылы наурызда Lamborghini Silhouette атты жаңа марканы таныстырады. Төбесі ашылатын алғашқы көлік болғанына қарамастан, нарықта сәтсіз көліктердің бірі болып қалады. 

Компанияның қаржылық мәселесін шешу үшін Lamborghini BMW компаниясымен келісімшартқа отырып, оларға өздерінің E26 маркалы спорттық автокөлігінің 400 түрін шығарып береді. Кейін ол BMW M1 атымен танымал болады. Бұл тапсырысты орындау үшін Леймер италияның билігінен қарыза алады.

Сол уақытта Lamborghini басшылары Mobility Technology International атты америкалық компаниямен Chrysler қозғалтқышына ие әскерге арналған көлік жасауға келіседі. 

1977 жылы Cheetah алғашқы сынақ жұмысына кіріседі. Сауд Арабиясының шөл даласында өткен сынақта көлік жақсы көрсеткіштер көрсеткенімен, тапсырыс беруші одан бас тартады. 

Cheetah құрастыру және сынақ жұмыстарына олар қарыздың басым бөлігін жұмсайды. BMW компаниясының басшылары, нәтижені күтпестен, арадағы келісімшартты бұзады. Сот кезінде Lamborghini компаниясы 1978  жылдан бастап мемлекет қарауына өтеді. 

Сол жылы Lamborghini компаниясына қайта оралған Джампаоло Даллара жаңа марка Countach LP400S құрастырады. Countach компания тарихындағы ең танымал әрі көп сатылған көлік саналады. 

1980 жылы Сот шешімімен компания тамақ өнеркәсібінде танымал ағайынды Мимрандарға сатылады.  Жаңа басшылары компанияны қайта қалпына келтіруді қолға алады.  

1984-1986 жылы компанияда өсім болғанымен, шығындар да артады. Басшылар жаңа серіктес іздеуге мәжбүр болады: олар  америкалық Chrysler концернімен келісімшартқа отырады. 

Билікке Chrysler келісімен, Lamborghini ұстанымы қайта қалпына келе бастайды. Олардың бақылауымен Diablo маркасы жарыққа шығады. Дәл осы модель компанияны әлемдік автоиндустрияның көшбасшысы етеді. 

1994 жылы ақпанда корпорация Chrysler қаржы жетіпеушілігі кесіренен, Lamborghini  компаниясы индонезиялық MegaTech компаниясына сатуға мәжбүр болады.

1995 жылы компания индонезиялық V'Power және малазиялық MyCom компаниясына өтеді. 1998 жылы тағы иесі тағы ауысады. Бұл жолы На Audi AG өз қарамағына алады.

Картинки по запросу "lamborghini murcielago 2001""

2001 жылы Diablo үлгісінің жалғысы ретінде Murcielago моделі жарыққа шығады. 45-жылдық тарихында алғаш рет дизайнері итальян емес, бельгиялық Люк Донкерволк жұмыс істейді. Жаңа Lamborghini ыңғыйлы әрі кең болатын. Оның үстіне қуатты көліктердің қатарына жатты.

Картинки по запросу "Lamborghini Gallardo""

Murcielago артынан нарыққа "кішкентай" Lamborghini Gallardo енеді. Ол Lamborghini тарихында сатылым бойынша рекорд орнатқан көлік саналды. 

Lamborghini – тарихы ұтыстар мен жеңілістерден тұрса да, техникалық үдерісте көш бастаған компания.

Т. Есқали