Lamborghini компаниясы ең жылдам суперкар шығарды

Lamborghini компаниясы ең жылдам суперкар шығарды
Фото: vk.com

Lamborghini компаниясы Sián суперкарының гибридті моделін ұсынды.

Lamborghini жаңа автокөлігі қозғалтқышының қуаты V12-ге, яғни, 785 ат күшіне тең. Қосымша электроқозғалтқыш қуаты 819 ат күшіне (602 киловатт) дейін жетеді.

"Sián тек конструкторлық және техникалық сипаттамасы жағынан мықты болып қана қоймай, Lamborghini компаниясын спорттық машиналар жетістігі бойынша он жылға алға жылжытты. Ол 2,8 секунд ішінде жылдамдығын сағатына 100 шақырым жүретіндей көрсеткішке жеткізе алады. Максимум сағатына 349 шақырым жол жүреді", – дейді компанияның бас директоры Стефано Доменикали.

А. Оралқызы