BMW X7 ресми түрде таныстырылды

BMW X7 ресми түрде таныстырылды
Фото: За рулем

Мюнхен автомобиль зауытынан шығарылып жатқан BMW көлігінің су жаңа және соңғы түрі Х7 көлік нарығындағы компанияның басты қарсыластары Range Rover мен Mercedes GLS көліктерінен де асып түскен. Бұл – сарапшылар пікірі. Көзге бірден ұратын дүние, заманауи стильде құрастырылған көліктің бойы биіктеген. Жол талғамайтын Х7 көлігіне бұрынғы Х5-тің қозғалтқышы қойылған.

Компания көліктің жарнамалық бейнеролигін 16 қазан күні YouTube видеохостингіне жариялады. Бұл көлік Қазақстанға әзірше жеткізілген жоқ, дегенмен алдағы 1 айдың көлемінде елге жаппай тасымалданатын болады. BMW компаниясының жаңа өнімі шамамен 30 миллион теңге шамасында бағаланбақ.

А. Қажиев