Ford "Shelby" Mustang көлігінің тарихы

Ford "Shelby" Mustang көлігінің тарихы

Өткен  ғасырдың 50-жылдарының басында американдық автоөндірушілер жеңіл көліктердің спорттық үлгілерін шығармаған. Нарықта спорттық үлгілерден тек британдық Aston Martin мен Jaguar ғана болды.

Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін General Motors аты аңызға айналған Chevrolet Corvette үлгісін құрастырып, авто әуесқойларға өзінің жаңа темір тұлпарын ұсынды. Осы үлгі АҚШ-та спорттық көліктер дәуірін бастап, автоөндірістің жаңа деңгейге шығуына өз септігін тигізді. Ford  GM компаниясының басты бәсекелесі болғандықтан, «корветтің» жетістігін зерттей отырып, компания басшылығы жаңа үлгі шығару жайлы шешім қабылдады. Осылайша 1954 жылы Детройт қаласында американдық көлік халыққа көрсетілген. Компанияның тұңғыш маркасы ретінде 200 А.К. Ford Thunderbird танылды.

1960 жылы компанияның бас директоры болып Ли Якокка тағайындалды. Басшылықты өз қолына алған Ли компанияны терең дағдарыстан шығарып, жаңа спорттық үлгілердің жарық көруіне себепкер болды. Ford көліктері NASCAR бәйгелеріне қайта қатысып, 1962 жылы Mustang алғаш рет сатылымға әлемнің түкпір-түкпіріне жіберілген. US Гран-При бәйгелеріне арналған көлік Ford Falcon үлгісі негізінде құрастырылып, V8 қозғалтқышымен жабдықталған.

Mustang үлгісі қазір де зауыт конвейерінен шығып жатыр. Қазіргі заманауи «мустанг» пен оның бірінші үлгісінде ұқсастықтар бар. Бұл үлгі американдық авто сүйер қауымның көңілінен шықты.