25 жыл ғұмырын көз алдауға жұмсаған суретші

25 жыл ғұмырын көз алдауға жұмсаған суретші
Фото: tourweek.ru

Әрбір талантты жан білімін арттыру жолында ерекше әдіс-тәсілдер ойлап табуға тырысады. Соның бірі – Майкл Пол Смит. 1950 жылдардағы автокөліктердің кішкене үлгісін алып, шынайы етіп көрсету үшін суретші 25 жыл ғұмырын сарп еткен. Ол ұзақ жылдардағы тәжірибиесінен кейін "Elgin Park" атты көрмесін ашып, ескі темір тұлпарлардың қазіргі уақыттағы керемет бейнесін көрсете білеген. Суретші таңдап алған көліктерінің үлгісі үлкен темір тұлпарлардың түпнұсқалық келбетінен айнымайды. Майклдың бұл өнерге берілгені соншалық, әрбір нүктесіне ерекше мән берген. Тіпті қатты жақындатып көзілдірікпен көрсеңіз де мұның ойыншық екенін ажырата алмайсыз. Жаңа дәуірге ескі көліктерді керемет үйлестірген суретшінің бұл талантына жақсы пікірлер көптеп айтылады. Сонымен назарларыңызға ғажап суреттер мен оның қалай түсірілгенін ұсынамыз. 






B. ZHAQSYMBET