Windows жұмысын жақсарту үшін

Windows жұмысын жақсарту үшін

Windows компьютердің жұмысын бір қалыпта ұстау үшін көптеген бағдарламаны қолданушыға білдірмей басқарып отырады. Дегенмен кейбір бағдарламаның компьютер жұмысына берер еш пайдасы жоқ. 

Қосымша қызметтердің жұмысын Windows арнайы менеджерінде өшіруге не қосуға болады. Ол үшін пернетақтадан Windows + R батырмаларының комбинациясы арқылы менеджерді ашу қажет. Одан кейін services.msc командасын теріп, Enter-ді басады. 

Экранға шыққан кестеде менеджер барлық қосышма қызметтердің тізімін жасайды. Бұл жерден әрбір бағдарламаның кішігірім сипаттамасын оқуға болады. "Іске қосу түрі" бағанасынан қай қызмет қолданылып тұрғанын көре аласыз. 

Керек емес қызметтердің жұмысын тоқтату үшін үстінен екі мәрте басып, "Іске қосу түрі" қызметінде "Өшіру" батырмасын таңдау қажет. Компьютер жұмысына қауіп төндірмеу үшін өшкен қызметтердің іске қосарда өздігімен емес, қолмен қосатын әдісті таңдаңыз. Сонда қызметтер тек қажет кезінде қосылып, басқа уақытта өшірулі тұрады.

Компьютердің жұмысына әсер етпейтін қызметтердің тізімін ғаламтордан іздеуге болады. Windows 10, Windows 8/8.1, Windows 7, Windows Vista және Windows XP жүйелерінің қызметтері әр түрлі келеді.

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді