Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Егер компьютеріңіз көп "ойланатын" болса...

Егер компьютеріңіз көп "ойланатын" болса...

Егер компьютеріңіз көп

Windows қолданушылары үшін түртіп алар дүние... Егер компьютеріңіз сіз бұйырған тапсырманы орындамай, экрандағы көрініс бір орында қатып қалатын болса, мына кеңестер қаперіңізде болсын. 

Бір уақытта бірнеше бағдарламада жұмыс жасау кезінде жиі ұшырасатын бұл мәселеден оңай құтылу үшін пернетақта көмегімен жасырын амалдарды орындау керек. 

Графикалық қосалқы жүйені қайта іске қосу 

Бұл әрекет тек Windows 8 және Windows 10 операциялық жүйесінде жүзеге асады. Компьютер өз жұмысын қиындықпен атқарған кезде пернетақтадан Win+Ctrl+Shift+B пернелерін басыңыз. Әрекеттің іске асқанын пернелерді басқаннан кейін шыққан дыбысты сигнал арқылы білесіз. Барлық бағдарламалар ашық күйінде сақталып тұрады. Соңғы көрініс қалпына келеді. 

Бұл амалдың жүзеге асуына құрылғыдағы графикалық картаның әлсіздігі немесе қуатты болуы әсер етпейді. NVIDIA, AMD және Intel карталарында бірдей жұмыс істейді. Компьютер бұйрықты кеш орындап жатқан жағдайда, ойын ойнау барысында экрандағы көріністі өз жылдамдығында бере алмай жатқан кезеңде немесе құрылғы ұйқы режимінде тұрған жағдай да осы пәрменді орындауға болады. 

Тығырықтан шығудың басқа да тәсілдері

Жұмыс жасау барысында экран қара түске боялса Ctrl + Alt + Delete немесе Ctrl + Shift + Esc пернелерін басу арқылы "мәселелер диспетчеріне" кіріп, қиындық тудырған бағдарламаның жұмысын тоқтатуға болады. Alt + Tab, Win + Tab батырмаларын басу арқылы да, баяу жұмыс жасаған бағдарламаны жауып, негізгі жұмыс үстеліне көше аласыз. 

Егер сіздің компьютеріңіз жоғарыдағы тәсілдің біреуін де орындай алмаған жағдайда құрылғыны өшіруге тура келеді. Ол үшін қосу/өшіру тетігін 10 секунд шамасында басып тұрасыз. Компьютер өшкеннен кейін 5 минут күтіп, содан кейін қайта қосасыз. Бұл әрекетте қолданар басқа амал қалмағанда ғана барыңыз. Егер осы әдісті жиі қайталай берсеңіз, құрылғының істен шығу ықтималдығы да жиілейді. 

Егер экранда көк түс пайда болса, бұл әрекеттің бірі де пайдаға аспайды. Көк түсті экран – Windows операциялық жүйесінде ақау пайда болып, соның салдарынан бағдарлама істен шыққанын білдіреді.

Сайтымыздың жаңалықтарын Telegram желісінен оқу үшін суреттің үстіне басыңыз.

Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: google.com
Қосылған күні: 13 маусым, 17:03
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.