Лифт қалай жұмыс істейді?

Лифт қалай жұмыс істейді?
Фото: unsplash.com

Кейде лифт ашу батырмасын енді басқан адамның қабатына тоқтамай кетіп қалып жатады. Оған не себеп болуы мүмкін? Адамдар әр қабаттан батырманы басқан сайын лифт ең қиын тапсырманы орындайды. Лифт жүйесі нақты қай кабинаны қай қабатқа жіберетінін сәт сайын шешіп отырады. Одан бөлек, бесінші қабаттан бірінші қабатқа түспес бұрын жетінші қабаттағы адамдарды алып қайту қажет пе немесе қай адам лифтті ұзақ күтіп қалды деген сияқты ситуацияға тап болып отырады.

Лифт жүйесі әр тетігі жүйеленген баптауды қажет етеді. Оған күш салып, дайындайтын инженерлердің еңбегін ерекше атап өту керек.

Бұрынғы қарапайым лифт

Image result for hotel grand budapest

Ең алғашқы лифтілердің қозғалысын адамдар басқарып отырған. Кабинадағы оператор лифтіні дроссель арқылы жоғары-төмен бағыттап, адам көрсе ала кетіп жұмыс істеді. Бірақ лифтерлер қателесіп жүрді, еңбегіне лайық төлем мен жағдайды қажет етті, сондықтан 1950-жылдары электрон қосқыштар пайда бола бастады.

Лифт өз қозғалысын өзі басқаруы үшін инженерлер алгоритм жасап шығуы керек болды. Ең қарапайым тәсіл мынау болды: лифт белгіленген уақыт аралығында ғана жоғары-төмен қозғалады. Ал оны ешкім қолданбайтын уақытта энергия шығын болып жатты. Яғни лифт адамға емес, адам лифтке бағынатын болды. Бұл өте тиімсіз тәсіл еді.

1965 жылы инженерлер бәріне таныс тәсілге тоқтады. Адамдар шақыру батырмасын басады, кабина оның қабатына келеді. Бірақ бірнеше қабат бір уақытта шақырса, оның қайсына лифтіні апаратынын алгоритм қалай шешеді?

Лифтілердің идеал үйлестіру жүйесі қандай? Лифт бірінші ұзақ күтіп қалған адамға барғаны дұрыс па әлде ең жақын қабаттағыға баруы керек пе?

Екі жағдайды алып қарайық:

1) батырманы басқан соң лифт 10 секундтан кейін келеді, ал лифтінің өзі керек қабатқа 1 минутта апарады;
2) батырманы басқан соң лифт 30 секундтан кейін келеді, ал лифтінің өзі керек қабатқа 30 секундта апарады.

Адамдар 10 секундқа шығындалса да бірінші нұсқаны таңдайтыны анық, себебі лифтіні күтіп, төзіп тұрғанша, ішіне кіріп жылжи берген дұрыс деп санайды жолаушылар. Инженерлер осыған қарап алгортимді "төзім коэффициентіне" ыңғайлайды.

Лифтінің физикалық мүмкіндігін де ұмытпау керек: олардың жылдамдық шектеуі болады және келесі шешімді 1-2 секундта қабылдауы тиіс. Одан қалды, лифтілердің қателесуіне болмайды. Егер ол керек қабатқа тоқтамай өтіп кетсе, жолаушыға бұл ұнамай қалуы мүмкін. Дәлме-дәл компьютер жүйесі лифтінің мүмкіндігі мен адамдардың батырмасы арасында баланс орната білуі керек.

Алгоритмдер

Көптеген лифтіде әлі де қарапайым механизм қолданылады. Оның екі ережесі бар?

1) Лифт ішінде жоғары көтерілетін немесе жоғары қабаттан шақырған адам бар кезде лифт ештеңеге алаңдамай жоғары бағытта жүре береді.
2) Жоғары бағытта шақырған ешкім болмаса, лифт келесі шақыруға дейін тоқтап тұрады.

Бұл ережелер төменгі бағытқа да қатысты.

Мұндай алгоритмді өте қарапайым, энергияны үнемдейді және бір бағытта жүретін адамның бәріне қызмет көрсете алады.

Десе де, бұл тәсіл көпқабатты ғимараттар үшін тиімсіз. Себебі лифт ортаңғы қабаттардан өткенде ондағы адамдарға қызмет көрсетеді, бірақ алгоритм лифтіні ең төменгі қабатта тұрып қалуына жол бермеуі мүмкін. Сондықтан ең төменгі және ең жоғарғы қабаттағы адамдар лифтіні ұзақ күтіп қалады. Оның үстіне көпқабатты ғимаратта бірнеше кабина бар. Оның барлығы бірдей алгоритммен жүрсе, бейберекет жүйе болар еді. Оның алдын алу үшін инженерлер түрлі қулық ойлап тапты. Олар лифтілерді өзара "келісіп" алуға үйретті. Егер лифтіні бірінші қабатта шақырып жатса, ол уақытта 1-кабина жоғары кетіп бара жатса, оның орнына 2-кабина барады. Одан бөлек, қазір лифтілерді белгілі бір қабатқа бекітіп қояды. Олар сол қабатта есігі ашық күйде тұрады. Бұл "тұрақ стратегиясы" деп аталады. Яғни сұранысы көп қабатта дәл осы стратегия қолданылады.

Ең жиі кездесетін стратегияның бірі – "уақыт бағамы". Оның мәні мынада: жүйе батырма басқан қабатқа ең жақын орналасқан және бәрінен бұрын жететін кабинаны жібереді.

Image result for destination dispatch elevator

Оптимизацияның шыңы деп "топтасу технологиясын" айтуға болады. Бұл технология 1990 жылдары модернизацияланған көпқабатты ғимараттарда қолданылды. Мұнда адам "жоғары"/"төмен" батырмасын емес, өзіне керек қабатты сыртынан басады. Интеллектуал жүйе баратын жері бір адамдарды бір кабинаға топтастырады. Осылайша лифт артық рет тоқтамайды. Бұл алгоритммен лифтті күту уақыты ұлғаюуы мүмкін. Сондықтан бір күн ішінде лифт приоритеттерін ауыстырып отырады.

Мысалы таңертең және кешке лифтіні ұзақ күтесіз, бірақ керек қабатқа тез жетесіз, ал күндіз, адам аз кезде, лифт жылдам келеді, бірақ керек қабатқа бару үшін ұзағырақ уақыт жұмсайсыз.

Осынша алгоритмнің ішінен ғимараттағы адам, қабат санын, қарбалас сағаттарды ескеріп, ең керегін таңдау керек және мұның өзі автоматтандырылған.

Massaget.kz