Смартфонда монтаж жасауға арналған 8 бағдарлама

Смартфонда монтаж жасауға арналған 8 бағдарлама
Фото: freepik.com

Мобилографияның дамуына байланысты мобильді қосымшалар да күрделеніп, түрлі функцияларды қосып жатыр. Назарыңызға смартфонда немесе планшетте монтаж жасауға арналған 8 танымал бағдарламаны ұсынамыз.

KineMaster

iOS пен Android құрылғыларына арналған бұл видеоредактор көп қабатты видео, аудиобақылау, ауысу эффектілері, реңктерді өзгерту сияқты түрлі функцияға ие.

Кемшілігі – бағасы қымбат (айына 4,99 доллар). Ал тегін нұсқасында су таңбасы қосақталып жүреді.

Splice

GoPro жасап шыққан Splice редакторы – iOS жүйесіндегі смартфондарға арналған оңай әрі тегін бағдарлама. Ең керек деген функцияның бәрі бар. Мұнда видеоны қиып, мәтін, ауысу эффектілерін және музыка қосуға болады. Кемшілігі – Android жүйесінде жоқтығы.

Quik

GoPro жасаған тағы бір бағдарлама. Splice-тың ықшам нұсқасы саналады және Android құрылғыларына арналған. Жылдам өңдеу үшін таптырмас редактор, соған сай функциялары да көп емес. Дегенмен видеоредакторды тегін пайдалануға болады.

Adobe Premiere Clip

Танымал Adobe бағдарламаларының жасаушылары ұсынған Premiere Clip редакторында біршама автоматтандырылған функция бар. Бағдарламаны iOS пен Android құрылғылары тегін жүктей алады.

Magisto

Бұл редактор жасанды интеллектіні қолданып, жүктеген видеоға, қолданушы таңдаған стильге қарай дайын видео жасап береді. Magisto тәжірибелі монтажерлардың қажетін өтей алмауы мүмкін, бірақ енді бастап жатқандарға таптырмас бағдарлама. iOS пен Android-қа арналған тегін және ақылы нұсқалары бар.

PowerDirector

Бұл редактор iMovie бағдарламасын еске салуы мүмкін, бірақ тек Android құрылғыларына арналған. Мұнда ең керек деген функциялар бар: видеоны қию, ауысу эффектілері және тағы басқалары. Егер дайын видеода су белгісі тұрғанын қаламасаңыз, ақылы нұсқасын сатып алу керек.

iMovie

iOS құрылғыларына арналған iMovie – ең танымал редактордың бірі. Бағдарламада видео монтаждау ыңғайлы. Негізгі функциялары тегін.

LumaFusion

LumaFusion – iOS құрылғыларына арналған ақылы редактор. Бағасы – 19,99 доллар. Бірнеше жолақта монтаждау, титр, эффект, анимация сияқты ең қажет деген функцияның барлығын ұсынады.

Massaget.kz