Дженнифер Энистон Меган Маркл рекордынан асып түсті

Дженнифер Энистон Меган Маркл рекордынан асып түсті
Фото: www.kleo.ru

Дженнифер Энистон @jenniferaniston инстаграм желісінен парақша ашып, бірінші постын жариялағаннан кейін 5 сағат 16 минут ішінде өзінің алғашқы миллион оқырманын жинап үлгерді. Осылайша, ол Меган Маркл мен ханзада Гарриге тиісті Гиннес рекордын жаңартты.

Герцогтар алғашқы миллион оқырманын 5 сағат 45 минутта жинағанын жазған болатынбыз.

Бұл парақшаға оқырмандардың жылдам әрі өте көп жазылуының құпиясы неде? Біреулер актрисаның атақтылығын себеп етсе, басқалары жарияланған суреттің таңғалдырғанын айтуда. Дженнифер Энистон ең алғашқы постына атақты "Достар" сериалының жұлдызды құрамы бірге отқан суретті таңдаған.

Қазір Дженнифер Энистеннің 11,4 млн оқырманы бар. Ол парақшасын 15 қазан күні ашты.

А. Жапатова