Кезінде қара жұмыс істеген әлем танитын жұлдыздар

Кезінде қара жұмыс істеген әлем танитын жұлдыздар
Фото: vk.com

Әлемге танылғанға дейін қара жұмыс істеп, ақша тапқан жұлдыздар бар. Жұлдыздың бәрі бірдей "байдың баласы" емес... Олар да қарапайым өмір сүріп, күйбең тірліктің ащы дәмін татқан. Кедей отбасында туып әлем мойындаған жұлдыз атанғандар да бар. Тіпті әлемдік жұлдыздардың дені жоқшылық көрген деуге болатындай. Қиындық көріп, тиын санап жүріп бір-ақ күнде бақ қонып атағы аспандаған жандардың тізімін жасап көрдік. 

Марлон Брандо

Тарихтағы ең ұлы актерлердің бірі, екі рет "Оскар" сыйлығын иеленген Американың тумасы Марлон Брандо бала кезінен бастап ерік-жігерімен ерекшеленген. Жоғары сыныпта оқып жүргенде ата-анасына өздігінен табыс таба алатынын дәлелдемек болып кинотеатрға билет сатушы болып орналасады. Мектеп бітірген соң бірнеше ай бойы жер қазушы болып жұмыс істеген. Дәл осы кезде көкейінде "актер болсам" деген арман туған. 

Джулия Робертс

Американың тағы бір әйгілі тумасы, "Оскар" сыйлығының иегері, актриса Джулия Робертс Нью-Йоркте балмұздақ сатқан. Кастингтен-кастинге барып жүрген уақытта Джулия шағын дүңгіршекте балмұздақ сатып, табыс тапқан. 

Клинт Иствуд

Америкалық актер, режиссер, "Оскар" сыйлығын бірнеше мәрте иеленген Клинт Иствуд әлемге танылмай тұрып бассейн тазалаушы болып жұмыс істеген. Қарапайым бассейн емес, Голливуд жұлдыздары түсетін бассейнді тазалаған. 

Аль Пачино

Тарихтағы ең ұлы актер болып саналатын америкалық Аль Пачино 17 жасында үйден қуылып, мектептен шығып қалған. Өмірінің осы бір қиын сәтінде болашақ әйгілі актер еден жуушы, даяшы, зат жеткізуші, пошташы, қоғамдық көлікте билет тексеруші қызметтерін атқарған. 

Джордж Клуни 

"Оскарды" бірнеше мәрте иеленген америкалық Джордж Клуни актер ретінде танылғанға дейін Лос-Анджелестегі бір дүкенде ер адам костюмін сатқан. 

Рассел Кроу

Адам айтса, сенгісіз. "Оскар" сыйлығының иегері, австралиялық әрі америкалық актер Рассел Кроу бір кездері Сидней көшелерінде ән салып күнін көрген. 

Дженнифер Энистон

Американың атышулы актрисасы Дженнифер Энистон телефон маркетингі саласында жұмыс істеген. Сондай-ақ актрисаның кезінде курьер болғаны да жұртқа аян. 

Майкл Кейн

1960—1990 жылдары ең көп сұранысқа ие болған британиялық актер, "Оскар" сыйлығын алты рет иеленген ұлы тұлға бір кездері Лондондағы бір мейрамханада ыдыс жуушы болып нәпақа тапқан. 

Силвестр Сталлоне

Америкалық актер Сталлоне Швейцарияда оқып жүріп, тренер болып жұмыс істеген. 


 
Голливуд жұлдызы 15 жастан бастап 30-30 жасқа дейін көшеде көшірме алтын мен көшірме әтір сатқан. 
 
 
 
15 жасында канадалық әрі америкалық актер оқуын тастап, құрылысшы болып жұмыс істеген. Фабрикада қызметші болып нәпақа тапқан актердің үй-күйсіз далада қалған күні де болған. 
М. Оңғарова