Microsoft пернетақтаға жаңа екі батырма қосты

Microsoft пернетақтаға жаңа екі батырма қосты
Фото: theverge.com

Microsoft компаниясы шығаратын пернетақталары жаңа екі батырмамен толығады. Бірі Оffice бағдарламаларына арналған болса, екіншісі смайлик бетін бірден ашуға арналған, - деп жазады The Verge.

Оffice бағдарламасы батырманы басқанда бірден ашылады. Мысалы, Word бағдарламаcы қажет болса, Office+W командасын орындасаңыз болғаны. Excel қажет болса, Office+Е батырмасын басасыз. Бұл Office бағдарламаларымен жұмыс істеуді ыңғайлы ете түспек. Смайлик бейнеленген батырманы бассаңыз, Windows 10 жүйесіндегі эмодзилер терезесі ашылады.

Жаңа батырмалар бірінші Microsoft Ergonomic Keyboard және Bluetooth Keyboard пернетақталарына орнатылады. Біріншісі компьютерге USB арқылы жалғанса, екіншісі Bluetooth арқылы қосылады. АҚШ-та 15 қазан күні сатылымға шығады. Бағасы 49,99-59,99 доллар көлемінде болмақ.

Microsoft пернетақтасына 1994 жылдан бері алғаш рет жаңа батырма қосылмақ. Негізінен барлық пернетақталарда 104-105 батырма болады.

Осыған дейін Microsoft Windows 10 жүйесінің жаңартылған нұсқасы дайындалып жатқанын хабарлаған. Қазір тестілік сынақтарынан өткізілуде екен.

Н. Үсенова